Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 50 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 шілдеде N 5-5-94 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы N 106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2011.11.29 N 106 қаулысымен.
      
      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 149 Заңының 45712-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148 санды Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)14)-тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Н. Жүнісжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі:                                     Е. СҮЛЕЙМЕН

       Абай аудан әкімдігінің
      2009 жылғы 5 маусымдағы
      № 50 қаулысына
      қосымша

       Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
НҰСҚАУЛЫҒЫ

       1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       1. Осы Нұсқаулықта жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруын белгілейді, негізгі жағдайларды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік түріне қарамастан) есеп айрысу мақсатында жасалған.
      2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
      - әлеуметтік жұмыс орны – жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жұмысқа алынған жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалған шығынды бөлшемді өтеумен халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды бар кәсібі мен мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен ұсынылған жұмыс орны.
      - мақсатты топтар – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтар көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдар тобы.
      3. Осы нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23- қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)14)-тармақшаларына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы Заңының 4, 5-баптарына сәйкес әзірленді.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан азаматтарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру жөніндегі заңнамалық актілер қолданысқа жатады.

       2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ

       5. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесін және оған нысаналы топтан жұмыспен қамтылмағандарды және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының санын белгілейді.
      6. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған азаматтардың еңбек төлемінің бөлшемді өтелуі шартқа сәйкес жұмыспен қамту мәселесі жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүзеге асырылады.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін нысаналы топтан жұмыссыздарға және жұмыспен қамтылмағандарға ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі іріктеу жүргізеді.
      8. Жұмыс беруші жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған адамдарды «Әлеуметтік жұмыс орындарына» ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырады және оны жұмыспен қамту орталығының мекен жайына жібереді.
      9. Азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдағанда жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісілген мерзімге еңбек шарт (контракт) жасайды.
      10. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру ауданның жергілікті атқарушы органымен шарт негізінде жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері мен көлемі, еңбекақының мөлшері мен шарттары және әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері болуы тиіс.

       3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ

       11. Әлеуметтік жұмыс орнына нысаналы топтан қабылданған жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі ай сайын жұмыс беруші өз қаражаттарынан жеке еңбек шартының жағдайларына сәйкес және орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты жүзеге асады.
      12. Әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтан жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмағандардың төленетін еңбек төлеміне заңнамада белгіленген тәртіпте салық салынады.
      13. Әлеуметтік жұмыс орнына нысаналы топтан орналасқан жұмыссыздардың және жұмыспен қамтылмаған халықтың еңбек төлемі нақтылы орындалған жұмыс көлеміне жүргізіледі.

      
4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАУ

      
      14. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін сақтауға бақылау жасау заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады