Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережесі туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық маслихатының 2009 жылғы 17 шілдедегі N 15-5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылы 27 тамызда № 5-5-98 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық маслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі N 23-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық маслихатының 2010.07.27 N 23-5 шешімімен.
      
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабын, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңының 97 бабының 2 тармағын басшылыққа алып Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережесі бекітілсін.
      2. Қосымшаларға сәйкес нормалар бекітілсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы:                                    М. МАҒАУИН
      
      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы:                              Т. АМАНҒАЗЫ

       Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық байланыс қызметіне ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережесі

1. Ереже шарттары

      1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі № 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселері туралы» қаулысына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы Заңына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі.
      2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларына (азаматтарға) бір рет беріледі.
      3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Тұрғын үйді бір әкімшілік-аумақтық пункт шегінде жалдайтын адам, осы пунктің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін.
      4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
      5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифтерді қамту телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілу шығындарын өтеуге арналған өтемақы) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленеді.
      7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді.

2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары

      8. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және Абай аудандық жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 45 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 18-ге толмаған 4 және одан көп баласы бар аналарға өкпе, наркологиялық, онкологиялық аурулармен есепте тұратын, жүктілігі 8 аптадан асқан аналар, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
      10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
      11. Отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.
      12. Егер отбасының орта жандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді.
      13. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде екі есептік көрсеткішке /кемиді/ реттеледі.
      14. Орталықтан жылитын жеке үйде тұратын отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жылудың төлемі тарифтерде есепке алынсын.
      15. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылту мезгілінде жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылту приборлары арқылы жылитын пәтер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылтумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушіні тарифтарға сәйкес, төлеміне эквивалентты есептелсін.
      16. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
      1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тіркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзінің тұрғылықты жерінен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек;
      2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
      3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
      4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
      17. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылар соны ресімдеу үшін мынадай құжаттарды қоса берумен өтініш ұсынады: (1 қосымша).
      1) төлқұжат немесе жеке куәлік (тоқсан сайын),
      2) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (сатып алу келісім шарты, жекешелендіру келісім шарты, сыйға беру келісім шарты т.б)
      3) азаматтарды тіркеу кітабы.
      4) отбасы мүшелерінің табыстары (еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы, т.б) туралы анықтама
      5) барлық коммуналды қызметке ақы төлеу туралы түбіртектер (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға)
      6) еңбек қызметін растайтын құжаттар
      7) қосалқы шаруашылық туралы ақпарат (жылына 1 рет немесе басқа өзгерістер болса).
      8) Қазақстан Республикасы Әділет министрігінің жылжымайтын мүлік объектілерін құқығын растау үшін берілген анықтама
      9) Абонент болып табылатын растайтын құжатты (шарт, не телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек шот)
      18. Тапсырылған құжатттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт - өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі еңгізіледі. Шарт - өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      19. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
      20. Электрмен қамту, газбен қамту, канализация, жылумен қамту, қоқыс шығару, лифтерді қамту, тұрғын үйді пайдалану бойынша шығындар талаптану тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі.
      21. Тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады. Белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтінушінің ауыруы, курорт, шипажайда емделуіне, туысқандарының ауыруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса).
      22. Тұрғын үй көмегін алушы және тұрғын үй көмегі қызметтері жасаған тізім бойынша өтетін отбасылар, құжаттарды дайындағанға қарамастан, тұрғын үй жәрдемақысын тоқсанға алады. Тоқсандық ағымында графиктер бойынша отбасыларға тұрғын үй көмегі өтінген айдан бастап тағайындалады.
      23. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      24. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығымдары және отбасы мүшелерінің шындық тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талаптанған құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      25. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгердің (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формула:
      П = МСПЖ - (t x д)
      П - тұрғын үй көмегінің мөлшері
      МСПЖ - тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем
      t - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=10%)
      д - отбасының жиынтық табыстары

       4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу

      26. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұрғын үй жәрдемін тағайындайтын уәкілетті органымен жүргізіледі.
      27. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері:
      1) 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақылары
      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
      3) тұрғын үй көмегі
      4) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы
      5) бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы
      6) есепті кезеңде белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен жалпы сомада көрсетілген, ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек
      7) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек
      9) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент
      10) қорғаншылардың (қамқоршылардың) табысы (қорғаншы балаларға арналған жәрдемақы тағайындаған кезде)
      11) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу
      12) протездеу уақытында азаматтарды ұстау
      13) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
      дәрілік препараттар;
      санаторийлік-курорттық емдеу;
      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтыру құралдары;
      білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері.
      Тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда есепке алынады. Отбасының табысында алынған микронесиелердің сомалары есептелінбейді. Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептеледі.
      28. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда үш есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      29. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды. Жеке кәсіптік істерден, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
      30. Құжаттамалы расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебісіз саналады, егер де төлеуші:
      1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелмеген (анықтама ұсынылғанда);
      2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
      3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторияларында (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда);
      4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
      31. Әділет басқармасының тұрғылықты жерлері бойынша тіркеген адамдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.07.2000 жылғы № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттандыру және тіркеу қағидаларына сәйкес есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
      32. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
      33. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
      34. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің сенімділігіне заңда белгіленген тәртіпте жауапты.

       5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі

      35. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушылартұрғын үйді жалдауға келісім-шарт болғанда беріледі.
      36. Өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метіріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.
      37. Көмірдің, электр жарығының құнын есептеу үшін аудан бойынша нақты сатылу бағалары қолданылады.
      38. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.
      39. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға аламыз.
      40. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
      41. Заң бойынша бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (жанұяға) тағайындалады, сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты сайма сай бөлінеді.
      42. Тұрғын үй көмегін есептегенде отбасы көмірдің қанша тонна, қандай бағамен алынғаны туралы анықтама ұсынады (ол болмаған жағдайда жергілікті әкімшіліктен, әкім қолымен расталған көмірдің мөлшері мен бағасы туралы акт беріледі), ақырғы тұрғын үй көмегін алғаннан кейінгі бір жыл мерзімінде сатып алынған.
      43. Электр қуаты, газ, су, қоқыс шығындарын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектердің орташаларын есепке алу керек.

6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі

      44. Тұрғын үй көмегі қалалар мен аудандардың бюджет қаражаттарының есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      45. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептелуі жолымен екінші деңгейдегі банкілер (бұдан әрі тиісті банкілер) немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшесі арқылы жүргізіледі.
      Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және тиісті банкілер немесе «Қазпошта» АҚ мекемесі арасындағы жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
      46. Тиісті банкілердің филиалдары жоқ Қазақстан Республикасының елді мекендерінде аталған төлемдер агенттік келісім негізінде аудандық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен белгіленген органдар арқылы жүргізіледі.

Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық
қызметке байланысты қызметіне
ақы төлеу үшін тұрғын үй
жәрдемақыларын беру ережесі

Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш

      Мен ______________________________________________________
                А.Ж.Т.- жалгер (тұрғын үй иесі), туған жылы
      __________________________________________________________
                    жеке басының куәлігі №, берген, СТН
      __________________________________________________________
                          мекен-жайында тұратын
      Тұрғын үй жәрдемақы тағайындауды сұраймын. Менің отбасым ____ адамнан тұрады.
      Өтінішке мынадай құжаттарды беріп отырмын:
      1.________________________________________________________
      2.________________________________________________________
      3.________________________________________________________
      4.________________________________________________________
      5.________________________________________________________
      6.________________________________________________________
      7.________________________________________________________
      Тұрғын–үй жәрдемақысы туралы дұрыс емес мәліметтер ұсынып, жанұясына тұрғын-үй жәрдемақысын төлетіп алғандар бір жыл тұрғын-үй жәрдемақысын алу құқынан айырылып, маған төленген соманы қайта заңдылыққа сәйкес өндіріп беруге хабарландым.
      Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаным үшін жауапқа тартылатыным туралы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 177 бап 1 тармағы және 325 бап 3 тармағымен таныстым.

Қолы:_______________
_______________

      Күні
      Құжаттар қабылданды.

Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық
қызметке байланысты қызметіне
ақы төлеу үшін тұрғын үй
жәрдемақыларын беру ережесі

ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шешім № ___________
«_____» ____________200___ жыл

      Тұрғын үй көмегін тағайындау комиссиясының отырысы
      А.Ж.Т. ___________________________________________________
      Мекен жайы _______________________________________________
      Мәртебесі ________________________________________________
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының негізінде тұрғын үй көмегін тағайындау.
      Төленетін тұрғын үй көмегінің мөлшері _______________________ тенге. 200___жылғы «____» __________.
      Тіркеу №________________________________
      Комиссия төрағасы _______________________
      Комиссия мүшелері _______________________

      М.О.

Абай аудандық мәслихатының
17 шілде 2009 жылғы
№ 15-5 шешімінің қосымшасы

       Абай ауданы бойынша тұрғын үй жәрдемақыларын есептеудің әлеуметтік нормалары.
2009 жыл.

Жанұя
құрамы
Адам саны 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Тұрғын үй ауданы

м2

33

51

69

87

105

105

105

105

105

Әлеуметтік қорғалатын комуналдық қызметтер

Тарифтер
(теңге)










Үйді үстауға кететін шығындар

с1 м2

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

Жылу (Көмір құны)

с1 м2

190,38

6282,54

7329,6

7329,6

7329,6

7329,6

7329,6

7329,6

7329,6

7329,6

Суық су

с1 чел

100

100

200

300

400

500

600

700

800

900

Газ

с1 чел

660

660

1320

1980

2640

3300

3960

4620

5280

5940

Электро
энергия

Тариф

6,15

276,75

553,5

830,25

1107

1383,75

1660,5

1937,25

2214

2490,75

Телефон (абонентік ақы тарифтерінің көтерілу шығындары
(297-248)

Тариф

49

49

49

49

49

49

49

49

49

49

Ең жоғарғы әлеуметтік төлем



7368,29

9452,1

10488,85

11525,6

12562,35

13599,1

14635,85

15672,6

16709,35

Жиынтық табыс



29473,16

37808,4

41955,4

46102,4

50249,4

54396,4

58543,4

62690,4

66837,4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады