Ескерту. Күші жойылды - Аягөз аудандық мәслихатының 2010.07.28 N 01-02/27-17 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) шешімімен.
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148–ІІ “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6 бабы және 7 бабының 5 тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 “Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру» Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін (қоса берілген).
2. Аягөз аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 қыркүйектегі № 01-02/10-4 “Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру” Ережелерін бекіту туралы» (2008 жылғы 10 қазанда нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-6-75 тіркелген, “Аягөз жаңалықтары” газетінің 2008 жылғы 11 қазандағы № 41 (665) санында жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік, мәдени даму» тұрақты комиссиясына (Дюсембаев Н.Т.) жүктелсін.
4. Осы шешім Аягөз ауданының әділет басқармасында тіркеліп, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы М. Темеков
Мәслихат хатшысы М. Темеков
Аягөз аудандық мәслихатының
2009 жылғы 22 қазандағы
№ 01-02/19-4 шешіміне қосымша
Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық
қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын
беру ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Тұрмыстық қатынас туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі 94 Заңына сәйкес, тұрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан тыс және үй–коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі (бұдан әрі - тұрғын үй көмегі).
2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға бір рет беріледі).
3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушылары (жалгерлері) болып табылады. тұрмысы төмен отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Тұрғын үйді бір әкімшілік-аумақтық пункт шегінде жалдайтын адам, осы пункттің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін.
4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 8 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифттерді қамту), ай сайын телефон абоненттік төлем ақысына жеңілдік Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы Заңнамаларға сәйкес белгіленеді.
7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді.
2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
8. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту бөлімінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішінде 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), өзін-өз жұмыспен қамтамасыз етіп отырған азаматтар, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар, өкпе ауруымен есепте тұрғандар, қатерлі ісікпен ауырып есепте тұрғандар, нашақорлыққа тәуелді азаматтар, 8 апта жүктілікпен есепте тұрған әйелдер, 18 жасқа толмаған 4 және одан жоғары баласы бар көп балалы аналар, стационарда 1 айдан артық емделуде жатқан азаматтар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркелген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
12. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушыларға қайта ресімдеуді жүргізу керек. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.
13. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді.
14. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлердің, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедектерді және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлер мен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде 2 есептік көрсеткішке (кемиді) реттеледі.
15. Орталықтан жылитын жеке үйлерде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жылудың төлемі тарифтерде есепке алынсын.
16. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту мерзімінде жылу мен су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылыту приборлары арқылы жылитын пәтер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылытумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушіні тарифтарға сәйкес, төлеміне эквивалентті есептелсін.
17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекен жайы бойынша тағайындалады. Бұл мекен-жай бойынша тіркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзінің тұрғылықты жерінен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек;
2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата–анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
18. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылар соны рәсімдеу үшін мынадай құжаттарды қоса берумен өтініш ұсынады, төлқұжат немесе жеке куәлік (тоқсан сайын), тұрғын үй құқығын немесе отбасы құрамы туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың ресімдеуіне дейін немесе басқа өзгерістерге дейін) отбасы табыстары (еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы, бала күтуге төленетін жәрдемақы,т.б) туралы анықтама (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жасына байланысты зейнетақы (жылына бір рет және тоқсан сайынғы ресімдеуден өту, сақтау кітапшасы немесе жеткізу есеп қағазы), қызмет көрсетушіден тұрғын үйге ақы төлеу туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың ресімдеуіне немесе тарифтер өзгергенге дейін), барлық коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртектер (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жұмыссыздарға жұмыспен қамту бөлімінен анықтама (тоқсан сайын), жеке меншік шаруашылық туралы анықтама (жылына 1 рет немесе басқа өзгерістер болса).
19. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт- өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі. Шарт- өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
20. Өкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады (1 қосымша).
21. Электрмен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару, лифттерді қамту, сумен қамтамасыз ету және тұрғын үйді пайдалану жөніндегі шығындар өтініш берген тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі.
22. Тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы қайта ресімдеу белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтінушінің ауруы, курорт, шипажайда емделуіне, туысқандарының ауруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса).
23. Тұрғын үй көмегін алушы және тұрғын үй қызметтері жасаған тізім бойынша тоқсан сайынғы ресімдеуден өтетін отбасылар, құжаттарды дайындағанға қарамастан, тұрғын үй жәрдемақысын тоқсанға алады. Тоқсандық ағымында графиктер бойынша қайта ресімдеуден өтпеген отбасыларға тұрғын үй көмегі өтінген айдан бастап тағайындалады.
24. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
25. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығымдары және отбасы мүшелерінің шындық тұрғылықты жерлері ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талаптанған құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын-ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібінде.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
26. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгердің (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
К = АӘПТ - (t x д)
К = тұрғын үй көмегінің мөлшері;
АӘПТ - тұрғын үйге ең жоғарғы әлеуметтік төлем;
t - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (8 %);
д - отбасының жиынтық табыстары.
4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың
(отбасыларының) жиынтық табысын есептеу
27. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұрғын үй жәрдемақысын тағайындайтын өкілетті органымен жүргізіледі.
28. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қайтыс болғандарды жерлеу мен бала туғандағы бір жолғы төлемдерден басқа есепке алынады. Отбасының табысында алынған микронесиелердің сомалары есептелінбейді. Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептеледі. Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған азаматтардың табысын ең төмен еңбек ақы есебімен есептеледі.
29. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда 3 есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда 7 есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
30. Қалалардың және қалалық үлгідегі кенттердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда 2 есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда 5 есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
31. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды (2 қосымша). Жеке кәсіптік істерден, мүліктен және жер үлесінен түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
32. Жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз болып тіркелген азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезінде отбасының табысына екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынсын (бір жарым жастағы бала күтудегі әйелдерден басқа).
33. Құжаттамалы расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттердің есебінсіз саналады, егер де төлеуші:
1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органда жұмыссыз болып тіркелмеген (анықтама ұсынылғанда);
2)бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
3)туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарда) емделу-еңбек профилакторияларында (ЕЕП) емделу немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда);
4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
34. Өкілетті органдар тұрғылықты жерлері бойынша тіркелген адамдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.07.2000 жылғы № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкес есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
35. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
36. Отбасының ортажандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
37. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің сенімділігіне заңда белгіленген тәртіпте жауапты.
5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында
тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі
38. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысына үй иесіне, жалдаушылар тұрғын үйді жалдауға келісім-шарт болғанда беріледі.
39. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.
40. Көмірдің құнын есептеу үшін қала, аудан бойынша облыстық статистика басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолдану және тоқсанның соңғы айында есептелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне қарау (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
41. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.
42. Көмірдің сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға алынсын.
43. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
44. Бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (жанұяға) тағайындалады), сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты сайма- сай бөлінеді.
45. Электр қуаты, газ, су, қоқыс шығындарын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы квитанциялардың орташаларын есепке алу керек. Ауылдық округтерде көмірдің құны ауыл әкімшілігінің жасаған актісімен төленеді. Қалалық жерде көмірге анықтамасы болмаған жағдайда қалалық әкімшілік пен учаскелік комиссияның шешімімен төленеді.
6. Ауданның аз қамтамасыз етілген азаматтарына
коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын
орнату жөніндегі әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
46. Осы ережелер тұрғын үй көмегін және атаулы әлеуметтік алушыларға коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуға таратылады.
47. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралы 1 дана (суық су) әр отбасына (тұрғын-үйіне) орнатылады.
48. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату өкілетті органның тізімі бойынша жүргізіледі.
49. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуға жұмсалған қаражат тұрғын үй көмегін алушыға (халықтың аз қамтамасыз етілген топтары) бағаның есептелуі жүргізілген жұмыстардан кейін атқарған жұмыс актісі бойынша және жұмысты атқарған мекеме жеке тұлғаның счет-фактурасы бойынша тұрғын үй көмегін алушыға (халықтың аз қамтамасыз етілген топтары) төленеді.
7. Ауданның аз қамтамасыз етілген азаматтарына
кондоминиум объектілеріне күрделі жөндеуден өткізу тәртібі
50. Тұрғын үй жәрдем ақысын алушыларға кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеудің жеке түрлері: ірге тасы, сыртқы қабырғалары және тірек құрылымдары, шатыры, баспалдақтары (саты алаңдары, сатылары) және ішкі қабырғалары, жедел сатылары, инженерлік коммуникациялары және жабдықтары, басқасы (подъездерінің есіктері, желдеткіштері және т.б.) кезекпен тұрғын үй көмегі арқылы өтеледі. Және оны өткізу кезегін пәтер иелері қала мен аудан әкімдіктері өкілдерімен бірлесіп жалпы жиналыста белгілейді.
51. Осы ережелер тұрғын үй көмегін алушыларға таратылады.
52. Жеке меншік тұрғын үй кооперативінің жалпы жиналысында ай сайын тұрғын үйді ұстау мөлшері және күрделі жөндеуге керек қаражатқа келісім шарт жасалады.
53. Кондоминиум объектісінің күрделі жөндеуден өткізу жөнінде шарт тұрғын үй иесі, жеке меншік тұрғын үй кооперативі және жөндеуді өткізетін мекеме арасында жасалады.
54. Тұрғын үй жәрдем ақысын алушы құжат өткізген кезде осы кондоминиум объектісінің күрделі жөндеуден өткізу үшін жасалған сметасының көшірмесін тапсыру талап етіледі және жөндеу жұмыстары өткізгеннен кейін атқарған жұмыс актісі қоса өткізіледі.
8. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі
55. Тұрғын үй көмегі қалалар мен аудандардың бюджет қаражаттарының есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
56. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептелуі жолымен екінші деңгейдегі банкілер (бұдан әрі тиісті банкілер) арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй төлемінің тәртібі мен шарты аудандық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері және тиісті банкілер арасындағы жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
57. Тиісті банкілердің филиалдары жоқ Қазақстан Республикасының елді мекендерінде аталған төлемдер агенттік келісім негізінде аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен белгіленген органдар арқылы жүргізіледі.