Тұрмысы төмен азаматтарға (отбасыларға) үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі N 01-02/27-17 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 18 тамызда N 5-6-111 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 мамырдағы N 4/27-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз аудандық мәслихатының 2012.05.18 N 4/27-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатыныстары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 каулысына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Тұрмысы төмен азаматтарға (отбасыларға) үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру» Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін (қоса берілген).
      2. «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 қазандағы № 01-02/19-4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 20 қарашасында № 5-6-98 тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2009 жылғы 28 қарашасындағы № 51(9900) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік, мәдени даму» тұрақты комиссиясына (Дюсембаев Н.Т) жүктелсін.
      4. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы                      О. Дүйсеғұлов

      Мәслихат хатшысы                     М. Темеков

Қосымша            
Аягөз аудандық маслихатының   
2010 жылғы 28 шілдедегі     
№ 01-02/27-17 шешімімен бекітілген

Тұрмысы төмен азаматтарға (отбасыларға) үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін
беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық қатынастары туралы» 1997 жылғы 16-сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес әзірленді және тұрмысы төмен азаматтарға (отбасыларына) үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін реттеу үшін қабылданған.
      2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен азаматтарға (отбасыларына) жылына бір рет беріледі.
      3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушылары (жалгерлері) болып табылады. Тұрмысы төмен азаматтарға (отбасыларына) берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Тұрғын үйді бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жалдайтын адам, осы бірліктің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мумкін.
      4. Тұрғын үй көмегі азаматтың (отбасының) тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
      5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 8 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және ай сайынғы телефонның абонентік төлем ақысына жеңілдік Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы Заңнамаларға сәйкес белгіленеді.
      7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді.

2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары

      8. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      9. Отбасы құрамында жұмыс iстемейтiн, сырттай бiлiм алу оқу орнында оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын және жұмыссыз ретiнде тiркелмеген жұмысқа қабiлеттi тұлғалар тұрғын үй көмегiн алу құқығынан айырылады. Келесi тұлғаларды ескермеген жағдайда:
      1) 50 жастан асқан тұлғалар (жынысына қарамастан);
      2) I, II топтағы мүгедектердi күтiм жасайтын тұлғалар;
      3) 16 жасқа толмаған балалар – мүгедектердi, 80 жастан асқан тұлғаларға күтiм жасайтындар;
      4) 7 жасқа дейiнгi балаларды тәрбиелеумен айналысатын тұлғалар;
      5) 18 жасқа толмаған төрт немесе одан көп балаларды тәрбиелеумен айналысатын аналар;
      6) мүгедектiк тобы жоқ, бiрақ туберкулездiк, наркологиялық және онкологиялық аурулармен есепте тұрған азаматтар.
      Жедел әскери қызметтегi әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейдi. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса, тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
      10. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркелген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй көмегі тағайындалады.
      11. Тұрғын үй көмегін алушыларға тоқсан сайын қайта ресімдеу жүргізіледі. Бұл орайда, азаматтың (отбасының) табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.
      12. Егер азаматтың (отбасының) ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде сол-кездегіге сәйкес есептік көрсеткіште жасалады.
      13. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлердің, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедектерді және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде 2 есептік көрсеткішке сәйкес реттеледі.
      14. Орталықтан жылитын жеке үйлерде тұратын тұрмысы төмен азаматтарға (отбасыларына) тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде пайдаланылған жылудың төлемі тарифтерде есепке алынады.
      15. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту мерзімінде жылу мен су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылыту құрылғылары арқылы жылитын пәтер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылыту мен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушіні тарифтарға сәйкес, төлеміне балама есептеледі.
      16. Тұрғын үй көмегіне үміткер азаматқа (отбасына) тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мыналар есепке алынады:
      1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегін өтінгеннің мекен жайы бойынша тағайындалады;
      2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
      3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда;
      4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда.
      17. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша азаматқа (отбасына) шарт-өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      18. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін берудің негізі олып табылады.
      19. Электр қуатымен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару, сумен қамтамасыз ету және тұрғын үйді пайдалану жөніндегі шығындар өтініш берген тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі.
      20. Тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы қайта ресімдеу белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтінушінің ауруы, курорт, шипажайда емделуіне, туысқандарының ауруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса).
      21. Тұрғын үй көмегін алушы және тұрғын үй қызметкері жасаған тізім бойынша тоқсан сайынғы ресімдеу өтетін отбасылар, құжаттарды өткізгеніне қарамастан, тұрғын үй көмегін тоқсанға алады. Тоқсандық ағымында кесте бойынша қайта ресімдеуден өтпеген отбасыларға тұрғын үй көмегі өтінген айдан бастап тағайындалады.
      22. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      23. Заңды және жеке тұлғалар дұрыс акпарат беруге міндетті. Талаптанған құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын-ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) алған сомасын өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда заңнамаға сәйкес қайтарылады.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау

      24. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      6) жергілікті атқарушы органмен келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен, расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері жөнінде шот;
      7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      8) телекомуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.      

4.Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      25. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгердің (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы
      К = АӘПТ-(t x д);
      К = тұрғын үй көмегінің мөлшері;
      АӘПТ - тұрғын үйге ең жоғарғы әлеуметтік төлем,
      t    - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (8 %),
      д    - отбасының жиынтық табыстары. 

5.Тұрғын үй көмегіне үміткер азаматтардың
(отбасылардың) жиынтық табысын есептеу

      26. Отбасының жиынтық табыстарының есептелуі тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті органымен жүргізіледі.
      27. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қайтыс болғандарды жерлеу мен бала туғандағы бір жолғы төлемдерден басқа есепке алынады. Отбасының табысында алынған микронесиелердің сомалары есептелінбейді. Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептеледі. Өзін - өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған азаматтардың табысын ең төмен еңбек ақы есебімен есептеледі.
      28. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда 3 есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда 7 есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      29. Қалалардың және қалалық үлгідегі кенттердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда 2 есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда 5 есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      30. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды. Жеке кәсіптік істерден, мүліктен және жер үлесінен түсетін табыстар мәлімделу керек.
      31. Жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз болып тіркелген азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасының табысына екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады (бір жарым жастағы бала күтудегі әйелдерден басқа).
      32. Құжаттамалы расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттердің есебінсіз саналады, егер де төлеуші:
      1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелмеген;
      2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған;
      3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарда) емделу-еңбек профилакторияларында (ЕЕП) емделу немесе есепте болған;
      4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен жағдайларда.
      33. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде тұрақты тұрғылықты жерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы тұрғындарды тiркеу және құжаттау Ережелерiне сәйкес тiркелген отбасы құрамындағы тұлғаларды ескеру қажет. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
      34. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
      35. Отбасының ортажандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
      36. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің сенімділігіне заңда белгіленген тәртіпте жауапты.

      6. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында
тұратын тұрмысы төмен азаматтарға (отбасыларға)
тұрғын үй көмегін ұсыну

      37. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегіне үй иесіне, жалдаушылар тұрғын үйді жалдауға келісім-шарт болғанда беріледі.
      38. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.
      39. Көмірдің құнын есептеу үшін қала, аудан бойынша облыстық статистика басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолдану және тоқсанның соңғы айында есептелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне қарау (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
      40. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті есептеу керек.
      41. Көмірдің сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға алынады.
      42. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
      43. Бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (жанұяға) тағайындалады, сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр азаматқа (отбасына), алып отырған ауданына байланысты бөлінеді.
      44. Электр қуаты, газ, су, қоқыс шығындарын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектердің орташа есебімен есепке алу керек.  

7. Ауданның аз қамтамасыз етілген азаматтардың (отбасыларының) кондоминиум объектілерін күрделі жөндеуден өткізу

      45. Тұрғын үй көмегін алушыларға кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеудің жеке түрлері: ірге тасы, сыртқы қабырғалары және тірек құрылымдары, шатыры, баспалдақтары (саты алаңдары, сатылары) және ішкі қабырғалары, жедел сатылары, инженерлік комуникациялары және жабдықтары (подъездерінің есіктері, желдеткіштері және т.б.) кезекпен тұрғын үй көмегі арқылы өтеледі. Және оны өткізу кезегін пәтер илері қала мен аудан әкімдіктері өкілдерімен бірлесіп жалпы жиналыста белгілейді.
      46. Осы ереже тұрғын үй көмегін алушыларға таратылады. 

8. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыру мен төлемі

      47. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      48. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың жеке шоттарына есептелу жолымен екінші деңгейдегі банкілер арқылы жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады