2009 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезектi шақыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 139 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 сәуірде N 5-7-64 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданындағы Әділет басқармасының бастығының 2010 жылғы 7 маусымдағы N 2383 хатымен

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданындағы Әділет басқармасының бастығының 2010.06.07 N 2383 хатымен.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бесқарағай ауданында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметін белгіленген мерзімінде өткермеген азаматтар, 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді 1982-1991 жылдары туған азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыру өткізілсін.
      2. Азаматтарды шақыруды өткізу мен Қазақстан Республикасының Әскери Күштері қатарына шығарып салу үшін әскерге шақыру учаскесі Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде ұйымдастырылсын.
      3. 2009 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін аудандық комиссия құрылсын (қосымша № 1).
      4. Ауылдық округтер әкімдері аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шығаруды және шығарып салуды дер кезінде ұйымдастыруды ұсынсын.
      5. Кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларына жасөспірімдердің әскерге шақыру орнына кешікпей, ұйымдасып келуіне жағдай жасап, оларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шығарып салуды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді ұйымдастыру ұсынылсын.
      6. Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Олжабаев А. Д.)(келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
      азаматтарды шақыруды заңмен белгіленген мерзімдерде жүргізсін;
      шақыру комиссиясының жұмыс кестесіне сәйкес шақыру комиссиясына әскерге шақырылатындардың келуін қамтамасыз етсін;
      дәрігер-мамандармен, техникалық жұмысшылармен, ауылдық округтердің әкімдерімен және мамандарымен, шақыру комиссиясының мүшелерімен нұсқаулы-әдістемелік сабақтар жүргізсін;
      азаматтарды шақыруды жүргізуге барлық қажетті құжаттарды дайындасын;
      ай-сайын аудан әкімін азаматтарды шақыруды жүргізу барысы туралы ақпараттандырсын.
      7. Бесқарағай аудандық медицина бірлестігінің МҚКК бастығына (Чегибаев М. Ж.) (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
      - әскерге шақыралатындар мен әскери оқу орындарына түсетіндерді медициналық тексеруден өткізу үшін, аудандық медициналық комиссия құру. Аудандық қорғаныс бөлімінің әскерге шақыру пунктін қажетті құралдармен, медициналық құралдармен, дәрі-дәрмектермен және мүліктермен, флюографиялық, электрокардиологиялық және де басқа қажетті құралдармен жабдықтауды ұйымдастыру;
      - емделуді қажет ететін әскерге шақырылатындардың тізімдері Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен ұсынылғаннан кейін, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп, емдеу жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Туктыбаев А. Т.) жеке істерді, есепке алу карталарды ресімдеу, шақырылатындарды шақыру қағазы бойынша хабардар ету жағынан көмектер көрсету үшін азаматтарды көктемгі және күзгі шақыру кезеңіне жұмыссыздарды бөлсін.
      9. Аудандық ішкі істер бөлімі (Жумашев Н.) (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
      полиция тобын Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарамағына кесте бойынша медициналық тексеру жүргізу және облыстық жиын пунктіне әскерге шақырылғандарды жіберу кезеңінде бөлу;
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімді мерзімді әскери шақырылудан бас тартқандарды іздестіріп, оларды әскери шақыру пунктіне жеткізуге көмек көрсету, әскерге шақырушыларды медициналық комиссиядан өткізу кезінде және жол жүру уақытында тәртіпті сақтауын қадағалау үшін әрбір ауылдық округтерге учаскелік инспекторларды беруді ұйымдастыру
      10. Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі (Скакова М. Ж.) азаматтардың шақыруын өткізуді ұйымдастыру үшін 2009 жылға арналып бекітілген бюджет шегінде қаржыландыруды жүргізсін.
      11. Меншік нысанына қарамастан, ауданның барлық кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары және оқу орындары басшылары әскерге шақырылатындарды шақыру комиссиясынан өту үшін жұмыс және оқу орындарынан босату ұсынылсын.
      12. Ауылдық округтердің әкімдері әскерге шақырылатындарға уақытында хабарлап, олардың шақыру комиссиясынан өтуге келуін қамтамасыз етсін.
      13. Осы қаулының қабылдануына байланысты,“2008 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке азаматтарды кезекті шақыру туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігі 2008 жылғы 5 мамырдағы № 198 (2008 жылғы 30 мамырда нормативтік-құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-7-56 нөмірмен тіркелген, “Бесқарағай тынысы” газетінде 2008 жылғы 7 маусымда № 21 жарияланған), Бесқарағай аудандық әкімдігі 2009 жылғы 16 сәуірдегі № 132 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      14. Осы қаулы орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Б. Тусубжановқа жүктелсін.
      15. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                     Т. ЖЕКСЕМБАЕВ

Бесқарағай ауданы әкімінің
2009 жылы 22 сәуірдегі
      № 139 қаулысына
      1 қосымша

АУДАНДЫҚ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ҚҰРАМЫ

Олжабаев Алибек Даутович

Бесқарағай аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);

Тусубжанов Қонысбай Батырбекович

Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;

комиссия мүшелері:

Казакпаев Дулат Тулегенович

Бесқарағай аудандық ішкі істер бөлім бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Токатова Умыт Тимофеевна

Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі МҚКК-ның терапевт-дәрігері, медицина қызметкерлері құрамын басқарушысы, медицина комиссиясының төрайымы (келісім бойынша);

Назарова Рузия Садыковна

Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі МҚКК- ның медбикесі, комиссияның хатшысы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады