"Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және оны іске асыру туралы" Нұсқауды бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 192 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 мамырда N 5-7-66 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 119 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2012.03.30 N 119 қаулысымен.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін және соларға теңестірілген адамдарға беретін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді бөлу жөніндегі комиссия құрылсын (1 қосымша).
      2. «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және оны іске асыру туралы» Нұсқау бекітілсін (2 қосымша).
      3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К.Б. Тусубжановқа жүктелсін.
      4. Қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданыска енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы                    К. САДЫКОВ
      
      Келісілген
      «Нұр Отан» ХДП аудандық
      филиалының бірінші орынбасары                         Б. Омаров
      
      "Бесқарағай аудандық медицина
      бірлестігі" МКҚК директорының
      міндетін атқарушы                                 А. Садыбекова

      Бесқарағай аудандық әкімдігінің
      2009 жылғы 14 мамырдағы
      № 192 қаулысына
      1 қосымша

      Азаматтардың жеке санаты бойынша
      әлеуметтік төлем бөлу жөніндегі
      КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ

Тусубжанов Қонысбай Батырбекович

Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Туктыбаев Адыльбек Токанович

«Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Скакова Майра Жакиполдиновна

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

Мухамедкалиева Кульпаш Смагуловна

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

Баталов Бауржан Жекенович

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

Ережепбаев Мерхат Сундетханович

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

Садыбекова Асия Каиржановна

«Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі» МКҚК-ның директорының міндетін атқарушы (келісім бойынша)

Нурсейтова Алмагул Сотаевна

Бесқарағай аудандық әкімінің аппаратының бас маманы-заңгер

Омаров Болат Увалиевич

«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының бірінші орынбасары, аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)

Заденов Руслан Асылханович

Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, комиссия хатшысы.


       Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2009 жылғы 14 мамырдағы
       № 192 қаулысына
      2 қосымша

      «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік
      төлемдер тағайындау және оны іске асыру туралы»
НҰСҚАУ

      Осы Нұсқау Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген, халықтың тұрмыстары төмен топтарын әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында, 451-007-000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша төмен қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік төлеу және оған көмек көрсетуді белгілейді.

      1. Жалпы шарттары

      1. Әлеуметтік төлемдер:
      1) төмен қамтамасыз етілген азаматтарға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, тұлғаларға мүмкіндік болған жағдайда шұғыл әлеуметтік қолдаудың мұқтаж ететіндерге;
      2) Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, мүгедектерге және оларға теңістірілген тұлғаларға;
      3) кемтар балалары бар отбасыларына;
      4) «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сонымен қатар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендармен марапатталған көп балалы аналар;
      5) 4 немесе одан да көп бірге тұратын 18 жасқа толмаған балалары бар, іштей оқуда 23 жасқа дейін оқып жүрген балаларды есепке алғанда, көпбалалы аналар;
      6) ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған отбасыларына;
      7) тылдың еңбеккерлеріне және де 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры бойынша кезеңде алты айдан кем емес уақыт жұмыс істеген азаматтарға;
      8) Ұлы Отан соғысы кезеңінде КСРО-ның Қарулы күштерінде өз еркімен жалдағандар құрамында қызмет еткен әскери қызметкерлерге.
      9) Қазақстан Республикасының алдында еңбегі бар персоналды зейнеткерлерге;
      10) облыс алдында қызмет істеген персоналды зейнеткерлерге;
      11) Ауғанстанда қаза тапқан әскерлердің отбасыларына өтемақы төлеу;
      12) Ауғанстанда қызмет атқарған әскер қызметкерлерге.
      2. Әлеуметтік төлем арыз бойынша сол бір адамға күнтізбелік жылы бір рет қана көрсетіледі.
      3. Әлеуметтік төлем жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен осы мақсатқа азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемді бөлу жөніндегі комиссия хаттамасы бойынша бөлінген жергілікті бюджет қаражаты кесіндісінде жүзеге асырылады.
      4. Әлеуметтік төлемдерді алуға Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар мен қуғындалғандар, Бесқарағай ауданында тіркелгендер және тұратындар құқылы.
      5. Әлеуметтік төлемдер «Қазақстан пошта» ААҚ филиалы арқылы агенттік келісімі негізінде үйге жеткізіліп жүзеге асырылады.
      6. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, кемтар балалары бар отбасыларына және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған отбасыларына материалдық көмек көрсету тізімін қалыптастыру, ауылдық әкімдердің келісімімен, зейнетақыны және жәрдемақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Бесқарағай филиалы ұсынған зейнетақы және жәрдемақы алушылардың төлеу кезіндегі қолданыстағы базасы бойынша жүргізіледі.

      2. Әлеуметтік төлем

      7. Ауданның төмен қамтамасыз етілген азаматтарына және зейнеткерлерге өз өтініштері немесе қоғамдық ұйымдар, соғыс және еңбек ардагерлері кеңестерінің, ауылдық округ әкімдерінің ұсынысы бойныша материалдық көмек жергілікті бюджет қаражаттарынан көрсетілуі мүмкін.
      8. Өз өтініштері, қоғамдық ұйымдардың, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, ауылдық округ әкімдерінің ұсыныс беруі бойынша материалдық көмек көрсету үшін мына құжаттар тапсырылған кезде комиссиямен қаралады:
      1) өтініш;
      2) жеке куәліктің көшірмесі;
      3) СТН-ның көшірмесі;
      4) арызданушының материалдық жағдайын растаудың қажеттілігі болғанда, материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі;
      5) тұрғылықты жерінен анықтама;
      6) әлеуметтік карта (тұрғылықты жер бойынша учаскелік комиссия құраған);
      7) мәртебе расстайтын құжат;
      8) өтініш берушінің материалдық көмекке мұқтаж екендігін дәлелдейтін басқа да құжаттар (медициналық мекеменің емдеу туралы қорытындысы, операцияның құны, протез салу, қымбат металлдардан жасалған протездерді қоспағанда және тағы басқа);
      9) қоғамдық ұйымдардың, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, ауылдық округ әкімдерінің ұсынысы;
      10) Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және мүгедектерге тұрғын үйді, шаруашылық құрылыстарын жөндеу үшін құрылыс материалдары мен құралдарын сатып алуға материалдық көмек көрсетілгенде азаматтардың жеке санаты бойынша әлеуметтік төлем бөлу жөніндегі комиссияның мүшелері жасаған тұрғын үйді, шаруашылық құрылыстарын зерттеу актісі.
      9. Комиссия материалдық көмек көрсету және одан бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.

      3. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңіс
      Күнін мерекелеу қарсаңында Ұлы Отан соғысы
      ардагерлеріне материалдық көмек

      10. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында материалдық көмек көрсетілуі мүмкін:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және мүгедектерге және де оларға теңестірілген тұлғаларға;
      2) «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған тұлғаларға;
      3) Соғыс кезінде оған қатысып қайтыс болғандардың, қайта некеге отырмаған, жесірлеріне;
      4) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында алты айдан кем емес уақыт жұмыс істеген азаматтарға;
      5) Ұлы Отан соғысы кезеңінде КСРО-ның Қарулы күштерінде өз еркімен жалданғандар құрамында қызмет еткен әскери қызметкерлерге.
      6) Ауғанстанда қызмет атқарған әскер қызметкерлерге.

4. Қарттар және мүгедектер Күні қарсаңында
берілетін материалдық көмек

      11. Мүгедектер күнін (10 қазан) және қарт адамдардың Халықаралық күнін (1 қазан) мерекелеуге азаматтардың келесі санаттарына әлеуметтік төлем түрінде материалдық көмек көрсетілуі мүмкін:
      1) ауданның жалғыз басты зейнеткерлеріне;
      2) ауданның жалғыз басты мүгедектеріне;
      3) 80 жастағы және одан үлкен қарт адамдарға.
      12. Материалдық көмек төлемін төлеуге тізімдер ауылдық округтің әкімдері бекіткен тізімдер бойынша құрастырылады.

5. Кемтар және ата-ананың қамқорынсыз қалған
балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына
материалдық көмек

      13. «Балаларды қорғау күні» мен Жаңа жыл шыршасын мерекелеуге кемтер балалары бар отбастарына және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған отбастарына және де төмен қамтамасыз етілген отбастарына әлеуметтік төлем түрінде материалдық көмек көрсетілуі мүмкін.
      14. Материалдық көмек төлемін төлеуге тізімдер ауылдық өкругтің әкімдері бекіткен тізімдер бойынша құрастырылады.

6. Азаматтарға халықаралық әйелдер күні
8 наурызды, «Наурыз», «Қазақстан Республикасының
Конституция күні», «Қазақстан Республикасы күні»,
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні»
мейрамдарын тойлауға материалдық көмек

      15. Жоғарыда келтірілген мейрамдарды мерекелеуге нақты осы Нұсқаның 1-тармағында көрсетілген азаматтардың санаттарына материалдық көмек әлеуметтік төлем түрінде бола алады.
      16. Материалдық көмек төлемін төлеуге тізімдер ауылдық округтің әкімдері бекіткен тізімдер бойынша құрастырылады.

7. Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және
мүгедектерге тұрғын үйді, шаруашылық құрылыстарын
жөндеу үшін құрылыс материалдары мен құралдарын
сатып алуға материалдық көмек

      17. Үйге құқылығын растайтын құжаттың болуына қарамастан, бірақ тап осы тұрғын үй объектісі орналасқан мекен-жай бойынша тіркелімі бар болған жағдайда, тұрғын үйді, шаруашылық құрылыстарың жөндеу үшін құрылыс материалдары мен құралдарын сатып алуға материалдық көмек арыз бойынша көрсетіледі.
      18. Материалдық көмек көрсету туралы арыз түскен кезде, арызданушының тұрғын үйін, шаруашылық құрылыстарын зерттеу актісін жасау үшін, азаматтардың жеке санаты бойынша әлеуметтік төлем бөлу жөніндегі комиссияның төрайымы комиссия құрамынан төрт өкілді бағыттайды.
      19. Арызданушының тұрғын үйін, шаруашылық құрылыстарын зерттеу актісінде жөндеу өткізу үшін қажетті құрылыс материалдары мен құралдардың аты мен саны, зерттеу кезеңіндегі олардың нарықтық құны, жөндеу өткізудің қажеттілігі жазылуы керек.
      20. Азаматтардың жеке санаты бойынша әлеуметтік төлем бөлу жөніндегі комиссия қажетті құжаттарды анықтап қарайды және тұрғын үйге, шаруашылық құрылыстарына жөндеу өткізу үшін құрылыс материалдарын және құралдарын сатып алуға материалдық көмекті толық немесе жарым-жартылай көрсетуге немесе көрсетпеуге шешім қабылдайды.

8. Мерзімді баспасөзге жазылу үшін азаматтарға
материалдық көмек

      21. Нақты осы Нұсқаудың 1-тармағында көрсетілген азаматтардың санаттарына мерзімді баспасөзге жазылу үшін материалдық көмек көрсетіле алады.
      22. Материалдық көмек төлемін төлеуге тізімдер ауылдық округтің әкімдері бекіткен тізімдер бойынша құрастырылады.

9. Әлеуметтік төлемнің мөлшері

      23. Әлеуметтік төлем келесі мөлшерлерде тағайындалады:
      1) әрбір нақтылы оқиғаға байланысты, арыз бойынша материалдық көмек 5000 (бес мың) теңгеден және одан да көп;
      2) кемтар балалары бар отбасыларына - әрбір мүгедек балаға 18 жасқа толғанша 5000 (бес мың) теңгеге дейін;
      3) ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған отбасыларына - әрбір балаға 5000 (бес мың) теңгеге дейін;
      4) әлеуметтік төлемнің мөлшері – 80-нен 100-ге дейінгі жастағы адамдар үшін 5000 (бес мың) теңгеге дейін, 100 жастағы және одан үлкендеріне 10000 (он мың) теңгеге дейін әр қайсысына;
      5) жалғыз басты зейнеткерлерге - 4000 (төрт мың) теңгеге дейін әр қайсысына;
      6) ауданның жалғыз басты мүгедектеріне – 5000 (бес мың) теңгеге дейін әр қайсысына;
      7) Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және мүгедектерге 10000 (он мың) теңгеге дейін әр қайсысына;
      8) «1941-1945 жылдардағы Ұла Отан соғысы кезінде Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған тұлғаларға – 5000 (бес мың) теңгеге дейін әр қайсысына;
      9) Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және мүгедектерге теңістірілген тұлғаларға, соғыс кезінде оған қатысып қайтыс болғандардың, қайта некеге отырмаған, жесірлеріне – 5000 (бес мың) теңгеге дейін әр қайсысына;
      10) 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында алты айдан кем емес уақыт жұмыс істеген азаматтарға әрқайсысына 5000 (бес мың) теңгеге дейін;
      11) Ұлы Отан соғысы кезеңінде КСРО-ның Қарулы күштерінде өз еркімен жалданғандар құрамында қызмет еткен әскери қызметкерлерге – 5000 (бес мың) теңгеге дейін;
      12) Мерзімді баспасөзге жазылу үшін әлеуметтік төлемнің мөлшері жазылу құнының мөлшеріндей;
      13) 4 және одан да көп 18 жасқа толмаған балалары бар көп балалы мараппаталған аналарға әлеуметтік төлемінің мөлшері 10000 (он мың) теңгеге дейін әр-қайсысына.
      
      
      Аппарат басшысы                            Т. Глазинский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады