2009 жылы Бородулиха ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 10 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 ақпанда N 5-8-77 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің 31.03.2009 N 14 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Жалпыға бірдей әскери міндеттемелік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесін бекіту туралы» қаулысының 2-тарауына сәйкес, жасөспірімдерді әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын, жалпы білімдік деңгейін, алған мамандықтарын және дене даярлықтарын анықтау мақсатында Бородулиха ауданының әкімі Ш Е Ш Т І:
      1. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы (С. Д. Сатыбалдиев) (келісім бойынша):
      1) тіркеуге алынатын 17 жасқа толған және аудан аумағында уақытша немесе үнемі тұратын тіркеуден өтпеген жасөспірімдерді 2009 жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу;
      2) тіркелуге жататындар санынан, алғашқы әскери дайындықты оқу орындарында оқымайтын азаматтардан оқыту пункттеріне тапсыру үшін топ жасақтасын;
      3) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
      2. Шақыру учаскесіне тіркелуші азаматтардың санына сәйкес қажетті техникалық жұмысшылар саны бекітілсін (1-қосымша).
      3. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссия келесі құрамда бекітілсін:
      1) Сатыбалдиев Сатбек Джакипұлы – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
      2) Атаева Рыскүл Абузарқызы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары.
      Комиссия мүшелері:
      3) Будумбаев Кумарбек Сиязұлы – Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
      4) Попп Савидж Умутовна – дәрігерлік комиссияның аға дәрігері (келісім бойынша);
      5)Толыбова Юлия Абытолыбовна - медбике,комиссия хатшысы (келісім бойынша).
      4. Шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс кестесі (2-қосымша) және анализ тапсыру кестесі (3-қосымша) бекітілсін.
      5. “Бородулиха ауданының АМБ” ҚКММ директорын ұсынсын (У. М. Эфендиев) (келісім бойынша):
      1) тіркеуге шақырылатын азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін шақыру учаскесінің комиссиясына Жезкент кентінің учаскелік ауруханасы, Нова-Шульба селосының учаскелік ауруханасының ғимараттарын пайданалуға беру;
      2) тіркеу комиссиясы жіберген азаматтарды кезектен тыс және сапалы тексеруден өтуін қамтамасыз ету;
      3) флюорографиядан өтуді, сараптамаға қан, несеп тапсыруды, микрореакцияға, топты анықтауға қан тапсыруды, ЭКГ жасауды қамтамасыз ету;
      4) тіркелуге жататын азаматтардың денсаулығын қосымша тексеру үшін төсектер резервін қамтамасыз ету;
      5) тексерулер тіркеу комиссиясы бекіткен мерзім ішінде өткізу ұсынсын.
      6. Меншік және бағыну нысанына қарамастан білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың басшыларына:
      1) тіркелуге жататын азаматтарды тіркеу комиссиясына келуі туралы дер кезінде құлақтандыру және келуін қамтамасыз ету;
      2) тіркелуге жататын азаматтарды Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Жалпыға бірдей әскери міндеттемелік және әскери қызмет туралы» Заңының негізінде стационарлық тексеруден, сондай-ақ, амбулаториялық сараптама тапсыру үшін жұмыстан босатсын, іс сапарлардан, еңбек демалыстарынан шақыртып алу ұсынсын.
      7. Ауылдық және кенттік округтердің әкімдері:
      1) тіркелуге жататын азаматтарға жеке шақыру қағазын тапсырсын және олардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің белгілеген күндерінде тіркеу комиссиясына келулерін қамтамасыз етсін;
      2) тіркелуге жататын азаматтарды шақыру пунктіне жеткізуге жолбасшы және көлік тауып берсін;
      3) тіркелуге жататын азаматтарды шақыру пунктіне аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жоспары бойынша, жергілікті бюджет есебінен жеткізсін;
      8. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Д. Б. Ибраев) (келісім бойынша):
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімді бұрын сотталған, жазасын өтеп шыққан, тергеуде болып табылатын шақырылушылар туралы ақпараттандру;
      2) әскери міндеттемеліктен жалтарған азаматтарды іздестіру жүргізіп, оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу;
      3) комиссия жұмысы кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастыру ұсынсын.
      9. Аудандық білім беру бөлімінің бастығы (м.а. А. А. Шпилькина):
      1) білім беру үйымдарынан аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тіркелуге жататын азаматтардың мінезін сипаттайтын құжаттарды тапсыруды ұйымдастырсын;
      2) ауылдық және кенттік округтердің әкімдерімен бірігіп, оқу орындарында алғашқы әскери дайындықтан өтпеген азаматтар үшін алғашқы әскери дайындық пунктерін ұйымдастырсын.
      10. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Ш. А. Алпыспаева) және аудандық экономика және бюджеттік жаспарлау бөлімінің бастығы (Н. А. Афанасьева):
      1) шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру мен өткізу үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімді 2009 жылға бекітілген бюджет қаржысы есептемесі мөлшерінде қаржыландырсын (4 қосымша).
      11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
      12. “2008 жылы Бородулиха ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы” 2008 жылғы 12 ақпандағы № 10 қаулысы күшін жойды деп танылсын.
      13. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
      
      Аудан әкімі                                         Т. Қасымов

                                           Бородулиха ауданы әкімінің
       13 ақпандағы 2009 жылғы
      № 10 шешіміне
      1 қосымша

      Тіркеуді ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті техникалық жұмысшылар санының
    ЕСЕБІ

      Тіркелушілердің жеке істерін рәсәмдеу - 3 адам.
      тіркелушілермен әңгіме, жеке ісиерін нақтылау, жеке істерін рәсімдеу - 30 минут.
      Күніне қабылданатындар саны - 50 адам.
      7 сағаттық жұмыс күнінде қажетті техникалық жұмысшылар саны:
      50*0,5 сағат = 25 сағат
      25 сағат: 7 сағат = 3 адам.

      Бородулиха ауданы әкімінің
      13 ақпандағы 2009 жылғы
      № 10 шешіміне
       2 қосымша

      Тіркеу комиссиасының өткізу
      К Е С Т Е С І


п/п

Селолық округтер
атаулары

Барлығы

Келу күндері

23.02.
09 ж.

24.02.
09 ж.

25.02.
09 ж.

26.02.
09 ж.

27.02.
09 ж.

02.03.
09 ж.

1

Бородулиха

38

38






2

Бақы

10




10



3

Дмитриевка

6




6



4

Ново-Дворовка

8




8



5

Переменовка

21





21


6

Степной

7

7






7

Подборный

15





15


8

Бель-Ағаш

9




9



9

Жезкент

46


46





10

Ново-Покровка

17




17



11

Петропавловка

6





6


12

Зубаир

7





7


13

Андреевка

5

5






14

Уба-Форпост

2



2




15

Ново-Шульба

23



23




16

Красно-Яр

5



5




17

Жерновка

9



9




18

Ленин

15






15

19

Таврия

11



11




БАРЛЫҒЫ: 276 50 46 50 50 50 15


   Бородулиха ауданы әкімінің
      13 ақпандағы 2009 жылғы
      № 10 шешімі
         3 қосымша

       Тіркеуге жататын азаматтардың сараптама тапсыру
      К Е С Т Е С І


п/п

Селолық округтер
атаулары

Барлығы

Келу күндері

16.
02.
09 ж.

17.
02.
09 ж.

18.
02.
09 ж.

19.
02.
09 ж.

20.
02.
09 ж.

23.
02.
09 ж.

24.
02.
09 ж.

25.
02.
09 ж.

26.
02.
09 ж.

1.

Бородулиха

38

38



10



20

10

20

2.

Бақы

10




6






3.

Дмитриевка

6




8






4.

Ново-Дворовка

8










5.

Переменовка

21










6.

Степной

7

7









7.

Подборный

15




9






8.

Бель-Ағаш

9










9.

Жезкент

46


46


17

9





10.

Ново-Покровка

17





34





11.

Петропавловка

6










12.

Зубаир

7










13.

Андреевка

5

5









14.

Уба-Форпост

2



2







15.

Ново-Шульба

23



23


7





16.

Красно-Яр

5



5







17.

Жерновка

9



9







18.

Ленин

15






15




19.

Таврия

11



11







Барлығы:

Бородулиха АОА

50

50 49 15


Жезкент ҚУА


46






Новошульба АУА



50





      Бородулиха ауданы әкімінің
      13 ақпандағы 2009 жылғы
      № 10 шешіміне
     4 қосымша

      Бородулиха ауданындн тіркеуді ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақша қаражатының
      ЕСЕБІ

      2009 жылы тіркеуді өткізу үшін барлығы 700 000 теңге қажет, соның ішінде барлық түрлер бойынша шығындар:
      1. Көлік қызметі - 250 000 теңге;
      2. Байланыс қызметі - 40 000 теңге;
      3. Басқа тауарлар (жанармай, кеңсе тауарлары және басқалар) сатып алу - 150 000 теңге;
      4. Басқа қызметтер (дәрігерлерге еңбекақы, техникалық жұмысшыларға еңбекақы, дәрігерлік тексеру және т.б) - 698 000 теңге;
      5. Іссапар шығындары -20 000 теңге.
      
      
      Қорғаныс істері жөніндегі
      бөлім бастығы                                С. Сатыбалдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады