Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 248 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 сәуірде N 5-8-84 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы N 15 хатымен

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық әкімдігінің 2010.01.10 N 15 хатымен
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 8) тармағының негізінде, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 1920 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуіріндегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымындағы № 623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыру мерзімін ұзартуға немесе шақырудан босатылуға кұқығы жоқ және оқу орындарынан босатылып жіберілген, жиырма жеті жасқа толмаған және бекітілген әскери қызмет мерзімін әскерге шақыру бойынша өтемеген, он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізілсін.
      2. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы С. Ж. Сатыбалдиевқа (келісім бойынша):
      1) Әскерге шақыру мерзімін ұзартуға немесе шақырудан босатылуға кұқығы жоқ және оқу орындарынан босатылып жіберілген, жиырма жеті жасқа толмаған және бекітілген әскери қызмет мерзімін әскерге шақыру бойынша өтемеген, он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарға 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында алдын-ала дәрігерлік тексеру өткізілсін.
      2) оқу орындарында алғашқы әскери дайындықтан өтпегендердің санынан, кезекті шақыруға жататындардан шақыру топтары жасақталып, оқыту пунктеріне тапсыру ұсынылсын.
      3. Жедел әскери қызметіне азаматтарды шақыруды өткізу мен ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасының “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңында анықталған шақыруды өткізу мерзіміне және шақырушылар санынан шыға келе, 1 қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясының кұрамы құрылсын.
      4. 2 қосымшаға сәйкес шақыруды ұйымдастыруға қажетті техникалық жұмысшылар санының есептеуі бекітілсін.
      5. 3 қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін.
      6. «Бородулиха ауданының коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медициналық бірлестігі (кейіннен «Бородулиха ауданының МБ КМҚК» бас дәрігері, директоры У. М. Эфендиевке (келісім бойынша):
      1) әскерге шақырушылардың емдеуін жүргізуге шақыру кезеңіне Жезкент қалалық учаскелік ауруханасының, Новошульба ауылдық учаскелік ауруханасының бөлімшелерін бөлсін, әскерге шақырушылардан анализ қабылдауды ұйымдастырсын, шақыру комиссиясының жіберуі бойынша әскерге шақырушының мекен-жайы бойынша емделуін ұйымдастыру;
      2) шақырушыларды медициналық куәландыру үшін және шақыру медициналық комиссиясына қаралуға жіберілген шақырушылардың сапалы және кезектен тыс тексеруін қамтамасыз ету шақыру кезеңіне тәжірибелі медицина қызметкерлерін бөлсін.
      3) кестеге сәйкес Бородулиха ауданының МБ КМҚК флюорограмма өтуді, қанның, несептің жалпы анализін тапсыруды, қанның топқа, микрореакцияға тапсыруын, ЭКГ өтуін қамтамасыз етсін;
      4) шақыру комиссиясының жіберуі бойынша әскерге шақырушылардың денсаулығын қосымша толық тексеру, емдеуді қамтамасыз етсін;
      5) қосымша тексерулер шақыру комиссиясы тағайындаған уақытта өткізілсін;
      6) шақыру кезеңінде жасөспірімдер дәрігерінің аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
      7) шақыру учаскесі нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2005 жылдың 14 сәуірінде № 3560 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама Ережесін бекіту туралы” бірлескен бұйрығына сәйкес қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілсін.
      7. Бородулиха ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің мемлекеттік санитарлы эпидемиологиялық қадағалау комитеті департаментінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бородулиха ауданындағы басқармасы бастығының м.а А. С. Есимхановаға (келісім бойынша):
      1) әскерге шақырушылардан бруцеллезге, ЖИТС-ға қан анализін тапсыруды өткізуі ұсынылсын.
      8. Ведомствалық бағыныштылығына және меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдары мен мекемелерінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары:
      1) шақырушылардың шақыру комиссиясына келуі мен хабарландыруын қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының негізінде шақырушыларды стационарлық қараумен, сондай-ақ емханалық анализ тапсыруға жұмыстан босатсын, іссапарлардан, демалыстардан шақыртып алсын;
      9. Селолық және кенттік округтердің әкімдері:
      1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің белгілеген күндерінде барлық әскерге шақыруға жататын шақырушыларға жеке шақыру қағазын тапсыру мен оларды шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін;
      2) шақырушыларды әкелу мен апару белгіленген кестеге сәйкес жүргізсін;
      10. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Д. Б. Ибраевқа (келісім бойынша)
      1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге бұрын сотталған, жазасын өтеп келген, тергеудегі шақырушылар туралы ақпарат беруі;
      2) шақыру және жіберу кезінде шақыру пунктінде тәртіпті сақтауға жасақтың бөлінуін қамтамасыз етуі ұсынылсын;
      3) әскери міндеттен жалтарған тұлғалардың іздестіруін жүргізсін;
      11. Қаржы бөлімінің бастығы Ш. А. Алпыспаева:
      1) 2009 жылы бекітілген бюджеттің шегінде шақыруды өткізу мен ұйымдастыруға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қажетті қаржыландыруды 4 қосымшаға сәйкес жүргізсін;
      12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсін.
      13. Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуге тұрған күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                       Т. Касымов

Бородулиха ауданының әкімдігінің
      2009 жылғы 9 сәуірдегі № 248
      «Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі
азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыруды өткізу туралы»
қаулысына 1 қосымша

       Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы шақыру комиссиясының құрамы

      Шақыру комиссиясының төрағасы:
      Сатбек Жақыпұлы Сатыбалдиев – Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы;
      Комиссия төрағасының орынбасары:
      Рыскүл Абузарқызы Атаева – аудан әкімінің орынбасары;
      Комиссия мүшелері:
      Құмарбек Сиазұлы Будумбаев - аудандық ІІБ бастығының орынбасары;
      Севидж Умутқызы Попп – Бородулиха ауданы медициналық бірлестігі  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын емдік жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары, шақыру комиссиясының бас дәрігері;
      Комиссия хатшысы:
      - медбике.

Бородулиха ауданы әкімдігінің
      2009 жылғы 9 сәуірдегі № 248
      «Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі
азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыруды өткізу туралы»
қаулысына 2 қосымша

Әскер қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті техникалық жұмысшылар санының есептемесі

      Шақырушылардың жеке істерін ресімдеуге – 3 адам
      Шақырушылармен сұхбат, жеке істі нақтылау, жеке істі рәсімдеу – 30 мин.
      Күніне қабылданатыны – 50 адам
      7 сағаттық жұмыс күнінде қажет техникалық жұмысшылар
      барлығы 50 х 0,5 сағат = 25 сағат
      25 сағат: 7 сағат = 3 адам

Бородулиха ауданы әкімдігінің
      2009 жылғы 9 сәуірдегі № 248
      «Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі
азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыруды өткізу туралы»
қаулысына 3 қосымша

       Ауданның селолық және кенттік округтары бойынша 2009 жылдың сәуір-мамыр айларында әскерге шақыруға жататын, шақырушылардың шақыру комиссиясына өту кестесі

№ п/п

Селолық және кенттік округтардың атаулары

барлығы

Келу күндері


14.04. 2009ж.

15.04. 2009ж.

16.04. 2009ж.

17.04. 2009ж.

18.04. 2009ж.

Әр аптада,  жұма күндері

1.

Бородулиха

14

14





2.

Бақы

3
3


3.

Дмитриевка

2 2



4.

Новодворовка

4
4


5.

Переменовка

8
8


6.

Степной

4

4

7.

Подборный

-




8.

Белағаш

5

5

9.

Жезкент

17


17

10.

Новопокровка

7

7

11.

Петропавловка

4



4

12.

Зубаир

1
1


13.

Андреевка

-




14.

Уба-Форпост

-




15.

Новошульба

4



4

16.

Красно-Яр

1



1

17.

Жерновка

2



2

18.

Ленин

4



4

19.

Таврия

-




Барлығы: 80 16 16 16 17 15


Бородулиха ауданының әкімдігінің
      2009 жылғы 9 сәуірдегі № 248
      «Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі
азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыруды өткізу туралы»
қаулысына 4 қосымша

Әскер шақыруды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті қаржы мөлшерінің есептемесі

      Көлік қызметіне – 40 000 теңге(көктем);- 550 000 теңге(күз)
      Байланыс қызметіне – 80 000 теңге(көктем);- 24 000 теңге(күз);
      Әртүрлі тауар алуға:
      (бензин, кеңсе тауарлары мен басқалары) – 60 000 теңге (көктем); - 140 000 теңге (күз);
      Басқа да қызметтерге (дәрігерлердің енбекақысы, техниқалық жұмысшылардың енбекақысы, медициналық тексерулер және тағы басқалар) – 1 200 000 теңге; - 1 160 000 теңге (күз);
      Іссапарлық шығындар – 110000 теңге (көктем);- 100000 теңге (күз);
      2009 жылдың көктем мен күзінде әскер қатарына шақыруды өткізуге барлығы – 1 850 000 теңге (көктем); 1 974 000 теңге (күз);
      
      
      Аппарат басшысы                               В. Бастриков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады