Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2013.03.07 N 636 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 19-бабының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 ««Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1 қосымшаға сәйкес, кәсіби оқуға жіберілген аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жеті жасқа дейінгі бала тәрбиесімен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Бородулиха ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 1169 «Кәсіби оқуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 15 ақпандағы № 2180 санымен тіркелген, «Пульс района» аудан газетінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 10-11 сандарында жаряланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Қасымов
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 22 мамырдағы N 296
қаулысына № 1 қосымша
Кәсіби оқуға жіберілген аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жеті жасқа дейінгі бала тәрбиесімен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 19-бабының, 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 ««Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелері
1. Осы нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) өтініш беруші – кәсіптік оқуға жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш білдірген аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жеті жасқа дейінгі бала тәрбиесімен шұғылданатын, сондай-ақ жұмыссыз азаматтар;
2) шығындарды өтеу - өтініш берушінің жол жүруіне, тамақтануына, тұруына және медициналық куәландыруына шыққан шығынды ішінара немесе толық өтеу.
2. Өтініш беруші медициналық куәландыруды «ШҚО Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жіберуі бойынша өтеді.
3. Тұрғылықты жерінен басқа жерде оқитын, өтініш берушінің жол жүру, тұру, медициналық куәландыру шығындарының өтеуін, құжаттар тапсырылған сәттен бастап оқу біткеннен кейін бір айдан кешіктірмей «ШҚО Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүргізеді.
4. Аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жеті жасқа дейінгі бала тәрбиесімен шұғылданатын, сондай-ақ «ШҚО Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ресми тіркелген жұмыссыз азаматтар және кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға жіберілгендер шығындарды өтеу құқығына ие.
2. Шығындардың өтеуін алуға жүгіну
5. Өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша банктегі жеке шотының нөмірін, СТН, жеке куәлік нөмірін, тұрғылықты мекенжайын көрсете отырып, «ШҚО Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жазбаша өтініш беріп және қажетті құжаттарды тапсырады:
1) темір жол көлігімен, жолаушылар автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе аталған тасымал түрлерімен айналысатын мекеменің жол жүрудің құны туралы анықтамасы.
2) медициналық куәландырудан өту, жатақханада тұру туралы төлем құжаттары.
6. Өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушіге жүктеледі.
3. Шығындарды өтеудің мөлшері
7. Шығындардың толық өтелуі:
1) медициналық куәландыру – құжаттармен расталған зерттеудің құны үшін;
2) өңір (облыс, аудан) шегінде оқу орнына барып, қайта қайту жолына - құжаттармен расталған жол жүру құны үшін жүргізіледі;
8. Тұру шығындарының ішінара өтелуі келесі мөлшерде жүргізіледі:
1) өзге жерден келген өтініш берушілер Өскемен және Семей қалаларындағы жатақханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына бес айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда - айына бес айлық есептік көрсеткіште.
2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа елді мекендердегі жатақханаларда тұрған уақытта – ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына төрт айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда – төрт айлық есептік көрсеткіште.
9. Өскемен және Семей қалаларында оқитындар үшін тамақтану шығындарының ішінара өтелуі айына бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, облыстың басқа елді мекендерде тұратындарға айына төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
4. Шығындарды өтеу төлемдері
10. Шығындарды өтеу төлемдері халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қарастырылған аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Кәсіптік оқуға жіберілген адамдардың тамақтану мен тұру шығындарын өтеу төлемдері тапсырылған құжаттар негізінде өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеуді жедел төлеуге рұқсат етіледі.
12. Шығындарды толық немесе ішінара өтеу, қаражаттың түсуіне байланысты ақшалай нысанды өтініш берушінің жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Аудан әкімі аппаратының басшысы В. Бастриков