Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкім аппаратының 2012.05.10 N 1207 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 29 бабын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағын жүзеге асыру мақсатында Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Үйде тәрбиенелетін және оқытылатын балаларды материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Бородулиха аудан әкімдігінің 2006 жылғы 20 маусымдағы № 1771 каулысына (2006 жылдың 28 маусымда № 5-8-27 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2006 жылғы 4 тамыздағы № 32 (6133) санында «Пульс района» газетінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
1) қаулы атауларындағы келесі «ережелер», «ереже», «ережелермен» тақырыптық сөздері «нұсқаулар», «нұсқау», «нұсқаулармен» сөздерімен өзгертілсін;
2) екінші тармақшасы «2009 жылдың 1 шілдеден бастап материалдық қамсыздандыру 13500 теңге сома мөлшерінде (ай сайын) белгіленсін» деп өзгертілсін;
3) қаулының 4-тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын: «Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі;
4) тақырып бойынша «тәртібі» және «жағдайы» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Қасымов