Ескерту. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 13/14-IV шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, Жарма ауданы бойынша салық басқармасының 2009 жылғы 11 ақпандағы № 585 ұсынысы негізінде Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бір бильярд үстеліне тіркелген жиынтық салықтың мөлшері 1 айға 3 айлық есептік көрсеткішпен есептелсін;
Ойнауға арналған 1 жеке компьютерге тіркелген жиынтық салықтың мөлшері 1 айға 1 айлық есептік көрсеткішпен есептелсін;
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, 1 ұтыссыз ойын автоматына тіркелген жиынтық салықтың мөлшері 1 айға 1 айлық есептік көрсеткішпен есептелсін.
2. Жарма аудандық мәслихатының 2007 жылғы 22 мамырдағы № 39-4, 2007 жылы 17 маусымдағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізімінде нөмірі 5-10-45 болып енгізілген «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі базалық ставка мөлшерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Сессия төрағасы І.Атабаев
Мәслихат хатшысы Д.Садықов