Базалық салық ставкаларын түзету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2009 жылғы 13 ақпандағы N 11/5-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 наурызда N 5-10-78 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2015 жылғы 06 ақпандағы N 25/225-V шешімімен

         Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 06.02.2015 N  25/225-V шешімімен.
         РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, Салық кодексінің 387 бабының 1 тармағына және Жарма ауданы бойынша салық басқармасының 2009 жылғы 28 қаңтардағы № ОРН-4/379 ұсынысы негізінде Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы қабылданған № 99-IV Салық кодексіне байланысты осы Кодекстің 378, 379, 381, 383 бабтарына белгіленген "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары" базалық салық ставкасы 30 пайызға, 379 бабында белгіленген "Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары", 381 бабында "Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары", 383 бабында "Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне" белгіленген базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
      2. Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 4 сәуірдегі "Салық Кодексінің 329,330,332,334 баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" № 28-5 шешімі, (2003 жылы 30 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі № 1223 болып енгізілген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Сессия төрағасы І. Атабаев
      Мәслихат хатшысы Д. Садықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады