Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - (Жарма ауданы әкімдігінің 2010.03.02 № 425 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 22, 23 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 1 сәуірдегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын басшылыққа ала отырып, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейiнге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы (қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
3. Мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды «Жарма ауданы бойынша № 1 медицина бірлестігі» КҚМҚ директоры Т.В. Брынзова (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлсін;
2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар ұстасын;
3) тіркеу жөніндегі комиссияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 бірлескен бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз етсін;
4) Мерзімді әскери қызметке шақыру өткеннен кейін, емдеуді қажет ететін әскерге шақырылушылардың және қай емдеу мекемелеріне тіркелгені туралы тізімін, келесі мерзімді әскери қызметке шақыруда емделгендердің келуін қамтамасыз етсін.
4. Аумақтық бірлік әкімдері әскерге шақырылушы азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабарландырсын және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5. «Жарма ауданының жұмыс қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы А. Өмірзақов ұсынылған тапсырысқа сәйкес 2009 жылдың 1 сәуірінен жұмысшыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қоғамдық жұмысқа жолдасын.
6. Жарма ауданының ішкі істер бөлім бастығының міндетін атқарушы Ш. Айтказин (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарласын;
2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңның орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын;
3) шақыру медициналық комиссия кезінде тәртіпті ұстау үшін полиция нарядын бөлу.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
8. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданының әкімі Д. Мусин
Жарма ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 6 сәуірдегі
№ 106 қаулысына қосымша
1982-1991 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру жүргізу
жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
1. Ғалымсерік Битемірұлы Дайрабаев |
ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) |
2. Құрма Нүкенқызы Төлеубаева |
ішкі саясат бөлімінің бастығы комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Комиссия мүшелері: |
|
3. Болатбек Өзбекұлы Токтағанов |
аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісім бойынша) |
4. Шайза Рафағатқызы Даирова |
Жарма ауданы бойынша № 1 медицина бірлестігінің директорының міндетін атқарушы (келісім бойынша) |
5. Айжан Қасымбайқызы Ахметова |
Жарма ауданы бойынша № 1 медицина бірлестігінің медбикесі (келісім бойынша) |