1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 13 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 14 қаңтарда N 5-10-93 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Жарма ауданы әкімі аппаратының 2011 жылғы 11 мамырдағы № 1113 хаты

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Жарма ауданы әкімі аппаратының 2011.05.11 № 1113 хаты.

      Жарма ауданының шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 және 44 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:
      1. Жарма ауданының шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу өткізілсін.
      2. Шақыру учаскесіне тіркелетін 1993 жылы туған азаматтарды медициналық куәландыру 2010 жылдың 29 қаңтарынан 2010 жылдың 31 наурызы аралығында жүргізілсін.
      3. «Жарма ауданының № 1 медициналық бірлестігіне» КМҚК (Т. Брынзова) (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
      1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлер бөлу;
      2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелеріне тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар ұстау;
      3) қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;
      4) тіркеу учаскесіне тіркеу жүргізіліп, емделуге мұқтаж шақырушылардың тізімдері тапсырылған соң, оларды емдеу мекемелеріне бекітіп, толық емделіп шығуын ұйымдастыру.
      4. Аумақтық бірліктік әкімдері тіркелуге тиісті азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
      5. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Өмірзақов) мүгедек деп танылған барлық адамдар туралы мәлімет берсін.
      6. «Жарма ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. Ахметова) міндеттелсін:
      1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу және білім деңгейін тексерсін;
      2) әскери техникалық мамандық бойынша даярлауға үміткерлер іріктелсін.
      7. Жарма ауданының ішкі істер бөлімі (О. Өтепов) (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
      1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау;
      2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзіреті шегінде жүзеге асыру.
      8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
      9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданы әкімі                   Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады