"Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 17-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 13-3/8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 маусымда N 5-11-96 тіркелді. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 10-7/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 2012.12.21 N 10-7/3 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6–бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы № 100-IV Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 17-3 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 721 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2002 жылғы 10 маусымдағы № 24 санында жарияланған) шешіміне, «Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы» 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 17-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 25 шілдедегі № 31-4/3 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-65 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2007 жылғы 27 тамыздағы № 37 санында жарияланған) шешімдердегі өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) № 1 қосымшаның а-тармақшасының 1–жолындағы «ет саудалау» деген сөзден кейін «200» саны «300» санына ауыстырылсын;
      2) № 1 қосымшаның а-тармақшасының 6-жолындағы «балмұздақ саудалау» деген сөзден кейінгі «80» саны «100» санына ауыстырылсын;
      3) № 1 қосымшаның а-тармақшасының 7–жолы алынып тасталсын.
      4) Осы шешімге № 1 қосымшаға сәйкес № 2 қосымша енгізілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                    Е.А. Келгенбаев

      Аудандық мәслихат хатшысы               Н.Қ. Бейсенов

"Зайсан ауданындағы бір жолғы талондардың құндарын
белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2002 жылғы
10 қаңтардағы № 17-3 шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 23 сәуірдегі № 13-3/8 шешіміне № 1 қосымша
 
"Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын
белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 10 қаңтардағы
№ 17-3 шешіміне № 2 қосымша

Зайсан ауданында ара–тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын
жеке тұлғаларға ұсынылатын бір күндік талондардың құндары


р/с

Қызмет түрлері

Бір күндік алым
бағасы (теңге)

1

Жүк автокөліктерінің үстінен саудалау
3 тоннаға дейін 3 тоннадан жоғары

600

1200

2

Мал өнімдерін сату (сүт, ірімшік,
айран т.б)

100

3

Автокөлік, доңғалақтары,
электротауарлар саудалау

300

4

Алтын бұйымдар саудалау

250

5

Ауданнан тысқары жерлерден әкелінетін
көкөністер сату

100

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады