Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 728 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 15 шілдеде N 5-11-98 тіркелді. Күші жойылды - Зайсан аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі N 964 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан аудандық әкімдігінің 2012.04.26 N 964 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 06 наурыздағы «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» № 264 қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7-бабының 5-4) тармақшасына18-1-бабына
сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына
сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мақсатты топтардан азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін
әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (бұдан әрі - әлеуметтік
жұмыс орындары).
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге
ұйымдастырылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанына қарамастан
кәсіпорындар мен мекемелерде ұйымдастырылады (бұдан әрі – жұмыс беруші).
      4. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісім шарт негізінде жұмыс беруші жүзеге асырады. Келісім шартта жақтардың міндеттері, жұмыс
түрі, көлемі, еңбек ақы төлемінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік
жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетіледі.
      5. «Жол картасы» шеңберінде нысаналы топтардан азаматтардың
еңбек ақы төлемі айына 30000 теңгеден кем болмауы тиіс, оның ішінде 15000 теңге республикалық бюджеттен және жұмыс беруші есебінен 15000 теңге.
      6. Жұмыс шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына
сәйкес, әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан, мақсатты топтағы азамат пен жұмыс беруші арасындағы еңбек шартымен белгіленеді.
      7. Жұмыс берушілердің тапсырыстарын жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б. Қинашев) қабылдауды
ұйымдастырсын. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу кезектілік тәртібімен және мүмкіндігінше ресми
ұсыныс түскен жағдайда жасалынады.
      8. Зайсан ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарын, «Жастар іс-тәжірибесін» ұйымдастыруды ұсынған кәсіпорындарды іріктеу ережелерін бекіту туралы» № 700 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары О. Ақтекеновке жүктелсін.
      10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                         Ә. Мұхтарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады