1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы N 32 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 21 қаңтарда N 5-11-108 тіркелді. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімінің 2010 жылғы 17 маусымдағы N 35 шешімімен

      Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімінің 2010.06.17 N 35 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18 баптары, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, ШЕШЕМІН:
      1. Зайсан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен (келісім бойынша) 1993 жылы туған жасөспірімдерді 2010 жылғы қаңтар-наурызда шақыру учаскесіне тіркеуге алу өткізілсін.
      2. Аудан әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық бөлімінің меңгерушісі М.С. Сапарғалиеваға:
      1) байланыс жүйесі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім ғимаратының ағымдық жөндеу жұмыстарын және жалға төлеу ақысын;
      2) жасөспірімдерді әскери есепке тіркеу уақытында қосымша жанар-жағар май бөлінуін, кеңсе заттарының шығындарын;
      3) жасөспірімдерді әскери шақыру учаскесіне тіркеуде дәрігерлік тексеруге және емдеуге жұмсалған шығындарды;
      4) әскери-дәрігерлік комиссияға, әскерге шақырылатын азаматтардың іс-құжаттарын дайындау үшін техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің тапсырысымен келісім шарттар бойынша қабылдауды аудан бюджетінде қаралған қаржы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Аудандық медицина бірлестігінің директоры М.Б. Блейменовке (келісім бойынша) әскери шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын жасөспірімдерді арнайы бөлмелерде тексеруден өткізу үшін медициналық комиссияны білікті маман дәрігерлермен, орта медициналық қызметшілермен, қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери оқу орындарына үміткерлерді медициналық куәләндіру және емдеу жүргізілетін емдеу мекемелерін белгілеу, қосымша тексеруге қажет, жататын орын бөлу ұсынылсын.
      4. Қосымшадағы кестеге сәйкес, ауылдық округтер әкімдеріне, мектеп директорларына азаматтық алған бұрын әскери есепте тұрмаған азаматтарды, тіркеу учаскесіне жеткізу, тіркеуге жататын іс сапардағы, демалыстағы азаматтардың шақырылуын қамтамасыз ету, жасөспірімдерді әскери есепке тіркеу учаскесіне дейін ертіп әкелетін арнайы адамдар бөлу жасөспірімдерді шақыру учаскесіне тіркеу уақытында жабдықталған көлікпен жеткізуді қамтамасыз ету және оларды тасымалдауда жазатайым оқиғалардан сақтанудың барлық шараларын сақтау міндеттелсін.
      5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ж.Т. Жүрсінбаевқа (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Зайсан аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеуге байланысты ішкі саясат бөлімінің бастығы З.А. Мухамедкариеваға осы тұрғыда әскери патриоттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, аудандық баспасөз арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.
      7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Биқадамовқа жүктелсін.
      8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                         Ә. Мұхтарханов

2009 жылғы 14 желтоқсандағы
Зайсан ауданының әкімінің
№ 32 шешіміне қосымша

1993 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне әскери есепке тіркеу
КЕСТЕСІ


р/с

Аты

саны

Қаңтар

20

21

22

23

26

27

28

29

30


1

Айнабұлақ а/о

25




X







2

Біржан а/о

17


X









3

Дайыр а/о

17


X









4

Қарабұлақ а/о

18

X










5

Қаратал а/о

37



X








6

Кеңсай а/о

24




X







7

Сарытерек а/о

25





X






8

Шілікті а/о

27

X










9

Әуезов орта мектебі

34






X





10

Гагарин орта мектебі

14





X






11

Дәуленов орта
мектебі

9







X




12

Мектеп-интернат

6









X


13

№ 23 КЛ

35







X




14

Ломоносов орта
мектебі

44








X



15

Мұстафина орта
мектебі

11









X


16

Барлығы

343

45

34

37

49

39

34

44

44

17


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады