"Жер учаскелері үшін жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" 2004 жылғы 04 маусымдағы № 6/10-III шешімге өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 12/122-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 06 мамырда N 5-13-57 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2/19-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 13.04.2016 № 2/19-VI шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 387 бабына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2004 жылғы 04 маусымдағы "Жер учаскелері үшін жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" № 6/10-ІІІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылы 9 маусымда № 1823 болып тіркелген, аудандық "Арай"-"Луч" газетінің 2004 жылғы 18 маусымдағы 27 санында жарияланған), төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      "2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 338 бабы негізінде осы Кодекстің 329, 330, 332, 334 баптары" деген сөйлем "Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 387 бабына" деген сөйлеммен ауыстырылсын;
      1 тармағындағы 329 бап деген сөз;
      2 тармағындағы 332 бап деген сөз;
      3 тармағындағы 330 бап деген сөз;
      4 тармағындағы 334 бап деген сөз алынып тасталсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Р.Қ. Чімкенева

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады