2007 жылғы 22 желтоқсандағы "Бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы" № 3/34-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 12/123-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 06 мамырда N 5-13-58 тіркелді. Күші жойылды (Катонқарағай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 02 қазандағы N 195 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Катонқарағай аудандық мәслихатының 02.10.2013 N 195 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28 бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 36 бабына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 22 желтоқсандағы «Бір жолғы талондардың құнын белгілеу туралы» № 3/34- IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 4 қаңтарында 5-13-37 нөмірімен тіркелген, «Арай»-«Луч» газетінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы № 2 санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      1) 2-ші тармақтағы «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 373 бабы» деген сөздер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 36 бабы» деп ауыстырылсын;
      2) № 2 қосымшасының 1 тармағындағы 10, 11, 12 тармақшалары және 4 тармағы алып тасталсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                       Р.Қ. Чимкенова

      Аудандық 
      мәслихат хатшысы                      Д.З. Бралинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады