Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Катонқарағай ауданы әкімінің 2010.01.12 N 6 хаты.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II заңының 31 бабына, 1 тармағы, 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабына, 5-4 тармақшасына және 18-1 бабына сәйкес, «Мемлекеттік Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысын іске асыру мақсатында, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жол картасын» жүзеге асыру мақсатында нысаналы топтағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (ары қарай- әлеуметтік жұмыс орындары).
2. Әлеуметтік жұмыс орындары мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда меншік түріне қарамастан 6 айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады (ары қарай жұмыс беруші).
3. Әлеуметтік жұмыс орнын құру «Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен (бұдан әрі – Бөлім) жұмыс беруші арасындағы келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Келісім-шарттың мазмұнында екі жақтың міндетті, қызмет түрі, жұмыстың көлемі, еңбек ақысының мөлшері және көлемі, әлеуметтік жұмыс орындарының қаржыландыру мерзімі мен оның көздері көрсетілуі қажет.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан нысаналы топтағы азаматтардың орташа еңбекақысы 30000 теңгені құрайды, оның ішінде 15000 теңгесі республикалық бюджеттен, ал 15000 теңгесі жұмыс берушінің есебінен төленеді.
5. Еңбек жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан азамат пен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.
6. Әлеуметтік жұмыс орынның ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныстардың келіп түсуі бойынша кезектілік тәртібінде жүргізіледі.
7. Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 4121, 4122 қаулыларының күші жойылсын.
8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9. Осы қаулының жүзеге орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Рақышеваға жүктелсін.
Аудан әкімі С. Зайнулдин