Катонқарағай ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым обьектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 маусымдағы N 13/132-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 шілдеде N 5-13-61 тіркелді. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы N 4/33-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012.06.15 N 4/33-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Катонқарағай ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі бекітілсін (қоса беріледі).
      2. «Катонқарағай ауданының ауылдарын көркейту, санитарлық жағдайы, жер мен жасыл өскіндерді қорғауды қамтамасыз етудің Ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 25 наурыздағы № 11/13-III (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 7 сәуірде 2265 нөмірімен тіркелген, «Арай» газетінің 2005 жылғы 23 мамырда № 22 санында жарияланған), 2005 жылғы 15 желтоқсандағы «Катонқарағай ауданының ауылдарын көркейту, санитарлық жағдайы, жер мен жасыл өскіндерді қорғауды қамтамасыз етудің Ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 25 наурыздағы № 11/13-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 16/7-ІІІ (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 30 желтоқсанда 5-13-8 нөмірімен тіркелген, «Арай» газетінің 2006 жылғы 16 қаңтарда № 2 санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                         Б.Н. Тоқтағанов
 

      Аудандық мәслихат хатшысы               Д.З. Бралинов

Катонқарағай аудандық мәслихатының
2009 жылғы 16 маусымдағы
№ 13/132-IV шешiмiне қосымша

Катонқарағай ауданындағы елді мекендердің
аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін
сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер

      Катонқарағай ауданындағы елдi мекендерiнiң аумақтарын көріктендіру және жасыл желектердi күтіп ұстау мен қорғау Ережесі (әрі қарай Ереже) 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiне сәйкес әзірленді.
      Осы Ереже елдi мекендерінің аумақтарын көріктендіру, оның элементтерін күтіп ұстау, қорғау және пайдалану, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау тәртiбiн, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалардың осы мәселелер бойынша құқықтары мен жауапкершiлiктерiн анықтайды.
      Ереже Катонқарағай ауданында тұрып, өз қызметін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін әзірленген.

1. Елді мекендер аумақтарын көріктендіру,
инфрақұрылым объектілерін сақтау

      1. Меншiк түрiне және ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан кәсiпорындар, шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар мен азаматтар аумақтарды көріктендіру жұмыстарын жүргізуге тиісті.
      2. Аудан аумағындағы:
      1) тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өнеркәсіп және сауда ғимараттары, автобекеттер, саябақтар, аллеялар және олардың маңайлары, демалыс аймақтары, базарлар және оларға іргелес аумақтар тазалықта және тәртіпте ұсталуға;
      2) қашалар, қоршаулар, жарнаманың барлық түрлері және жарнамалық қондырғылар, ғимараттар мен ескерткіштерге сәндік сәуле шашу қондырғылары, маңдайша жазулары, жаймалар, аялдамалардағы павильондар, көше жарықтандыру фонарлары, жол белгілері, әр түрлі тіреулер мен бағандар, саябақтар және демалыс орындарындағы орындықтар, күл-қоқыс салатын сауыттар, көше атауларының көрсеткіштері, көлік, жолаушылар аялдамалары, үйлердің нөмірлік белгілері, ескерткіштер мен мемориалдық тақталар тазалықта, бүлінбеген жағдайда, тәртіпте ұсталуға, сақталуға және бүлінген жағдайда қалпына келтірілуге тиісті.
      3. Сауда орындары және олар орналасқан ғимараттардың аумақтары тазалықта және реттілікте ұсталуға жатады.
      4. Халықтың ортақ пайдаланылатын (стадион, саябақ, базар, жәрмеңке өткiзiлетiн орындар, автомобильдердiң ашық тұрақтары және басқалары) жерлерi үнемі тазалықта және реттілікте ұсталуы жатады.
      5. Тұрғын үйлер, оның аумағына кіретін жерлер (үйлерге кіре беріс, қосалқы шаруашылық және аула аумақтары) және үйдің көше жақ бөлігі тазалық пен тәртіпте ұсталуы тиіс.
      6. Құрылыс алаңдары басталғаннан бастап толық аяқталғанға дейін барлық периметрлері бойынша қоршалуы керек.
      7. Үй-жайларды иеленуші немесе жалдаушы, тиісті аумақтар бекітілген ұйымдар (меншіктің барлық нысанындағы), жеке тұлғалар қоқысты, қатты тұрмыстық қалдықтарды өз күштерімен немесе келісім шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорындар арқылы арнайы белгіленген жерлерге шығарады.
      8. Құрылыс материалдарын, ағаштарды, көмірді, шөпті, сабанды және тұрмыстық қалдықтарды, басқадай материалдарды көшелерге, тротуарларға үюге, сақтауға жол берілмейді.
      9. Ғимараттардың, офистердің, сауда орындарының кіре берістері, саябақтар мен жағажайлар қоқыс салатын сауыттармен қамтамасыз етілуге тиісті. Қоқыс салатын сауыттар уақтылы қоқыстан тазартылып отыруы керек.
      10. Үйлер мен ғимараттарды, инфрақұрылым нысандарын бұзған соң орны тазаланып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуге тиісті.
      11. Күл қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындардан басқа жерлерге төгуге, жинауға жол берілмейді.
      12. Қатты отынмен жылытылатын мекемелер мен ұйымдар (меншіктің барлық нысанындағы) отынды арнайы бөлінген жерге жиып қоюды және жер учаскелерін шлактан тазалау мен оны белгіленген орындарға шығаруды қамтамасыз етеді.
      13. Су алатын шүмектердің, скважиналардың және құдықтардың жанында, сондай-ақ суға шомылатын орындарда кір жууға, техника жууға, мал суаруға, үй жануарларын шомылдыруға жол берілмейді.
      14. Шағын архитектуралық нысандарды, дүңгіршектерді, павильондарды және көрнекілік құралдарын салу, орнату, белгіленген тәртіппен тиісті органдармен келісілген жағдайда жүзеге асырылады.
      15. Көп қабатты тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, спорт алаңдары мен демалыс орындары маңында қалдық салатын контейнерлер орналастырылады. Контейнерлер жаз айларында күніне бір реттен, ал қыста үш күнде бір реттен сиретпей тазаланып отырылуы керек.
      16. Жылу, су жүйелерінің, кәріз құбырларының ақауларын жөндеу және арықтармен жеміс учаскелерін суару кезінде тротуарларға, көгал алаңдарға, көшелерге су жаюға жол берілмейді.

2. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау

      1. Жасыл желектер маңызды сауықтыру факторы және ауылдардың көркі болып табылады, олар қорғалуға және күтіп ұсталуға тиіс.
      2. Жерді пайдаланушылар өздеріне сеніп тапсырылған аумақтардағы егілген жасыл желектердің өсіп өнуін және қорғалуын қамтамасыз етуге тиісті.
      3. Құрылыс салуға, жер асты коммуникацияларының төсемі мен инженерлік желілер жүргізуге арналған жерлердегі егілген ағаштарды орнынан алу немесе орнын ауыстырып қайта отырғызуға тиісті органдардан рұқсат алғаннан кейін жол беріледі.
      4. Жасыл желек аумағында:
      1) құрылыс материалдарын, топырақ үйінділерін, отын, көмір басқа да заттарды текшелеп үюге, көгалдар мен гүлзарларды, ластауға;
      2) көгалдарды, гүлзарларды басуға, ағаштар мен бұталарды сындыруға, кесуге, басқа да механикалық зақымдауға;
      3) көгалдар мен гүлзарларға автокөліктер қоюға;
      4) гүлдерді жұлуға, көп жылдық гүлдердің тамырларын жұлуға, зақымдауға, қазып алуға;
      5) мал, құс жіберуге жол берілмейді.

3. Осы ережені бұзғаны үшiн жауапкершілік

       1. Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 300,  387 баптарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады