"Күршім ауданының өте мұқтаж және аз қамсыздандырылған азаматтарына біржолғы материалдық көмек және Қазақстан Республикасына, облысқа сіңірген еңбектері үшін дербес зейнеткерлікке шыққан азаматтарға коммуналдық шығындары үшін ай сайын материалдық көмек тағайындау және төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы" 2009 жылғы 16 ақпандағы № 1081 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 тамыздағы N 1314 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 тамызда N 5-14-90 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 08 мамырдағы N 2509 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданының әкімдігінің 2012.05.08 N 2509 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» № 107 Заңының 8 бабының 3 тармағының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Күршім ауданының өте мұқтаж және аз қамсыздандырылған азаматтарына біржолғы материалдық көмек және Қазақстан Республикасына, облысқа сіңірген еңбектері үшін дербес зейнеткерлікке шыққан азаматтарға коммуналдық шығындары үшін ай сайын материалдық көмек тағайындау және төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-14-80 болып 2009 жылдың 16 ақпанында тіркелген, 2009 жылдың 14 наурызында аудандық «Рауан» газетінің 11 санында жарияланған) 2009 жылғы 16 ақпандағы № 1081 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2 және 3 бөлімдердің атауларынан «тәртібі» деген сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
      3. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     Күршім ауданының әкімі             А. Сеитов

Күршім ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 10 тамыздағы
№ 1314 қаулысына қосымша

Күршім ауданының өте мұқтаж және аз қамсыздандырылған
азаматтарына біржолғы материалдық көмек
және Қазақстан Республикасына, облысқа сіңірген еңбектері үшін дербес
зейнеткерлікке шыққан азаматтарға коммуналдық шығындары үшін ай сайын материалдық көмек
тағайындау және төлеу Нұсқаулығы

1. Жалпы бөлім

      1. Біржолғы материалдық көмек ауданның өте мұқтаж аз қамсыздандырылған азаматтарына яғни әр адамға жылына бір рет көрсетіледі.
      2. Біржолғы материалдық көмекті алуға Күршім ауданында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың құқығы бар.
      3. Біржолғы материалдық көмек аудандық комиссияның шешіміне сәйкес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы аудандық бюджет қаржысы есебінен төленеді.
      4. Республикаға, облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға коммуналдық шығындары үшін ай сайын арнаулы жәрдемақы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы аудандық бюджет қаржысы есебінен төленеді.

2. Біржолғы материалдық көмекті бөлу және төлеу

      5. Біржолғы материалдық көмек өте мұқтаж жалғыз тұратын аз қамсыздандырылған зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендерге, кәмелет жасқа толмаған балалары бар, көп балалы, табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына, мүгедектерге, жұмыссыздарға, сондай-ақ табиғат апаттарынан, өрттен, бақытсыз жағдайлардан, аурудың өте ауыр түріне шалдығу себептерінен отбасы өте ауыр материалдық жағдайға душар болған азаматтарға беріледі.
      6. Материалдық көмек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, ауылдық округ әкімдерінің, қоғамдық ұйымдардың соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің және басқа қоғамдық ұйымдардың ұсынуымен беріледі.
      7. Біржолғы материалдық көмек төмендегі құжаттарды жинап ұсынған уақытта беріледі:
      1) көмек көрсету туралы өтініш;
      2) төлқұжат немесе жеке басының куәлігінің көшірмесі;
      3) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      4) азаматтардың материалдық көмекке мұқтаж болуын растайтын құжаттар.
      8. Келіп түскен әрбір өтініш бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі немесе ауылдық округ әкімі аппараты атаулы көмек жайлы учаскелік комиссия мүшелерін, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың өкілдерін қатыстыра отырып, өтініш жасаған азаматтардың тұратын жеріне барып отбасының әлеуметтік картасын (жан-жақты зерттеудің қорытындысын) толтырады.
      9. Материалдық көмекке мұқтаж азаматтарды және оларға төленетін материалдық көмектің мөлшерін, шарттарын әр нақты жағдайда аудандық маслихат сессиясының шешімімен бекітілген аудандық комиссия анықтайды.
      10. Көмек сұрап өтініш жазған азамат өтініште көрсетілген мекен-жайдан көп уақыт (бір айдан астам) табылмаса, комиссия ол азамат қайта өтініш жазған кезде өтінішін қосымша қарауға құқылы.
      11. Біржолғы материалдық көмек азаматтың өтінішінде көрсетілген мекен-жайы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қызмет көрсету жайлы шарт жасасқан ұйым арқылы жеткізіледі.
      12. Азаматтар төленген қаржыны өтінішіне сәйкес мақсатқа жұмсамаған жағдайда оны өз еркімен (немесе сот арқылы) бюджетке қайтаруы тиіс.

3. Қазақстан Республикасына, облысқа
сіңірген еңбектері үшін
дербес зейнеткерлікке шыққан азаматтарға
коммуналдық шығындары үшін ай сайын
материалдық көмек тағайындау мен төлеу

      13. Республикаға, облысқа сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған азаматтар осы мәртебесін жергілікті атқарушы органдардың сол уақытта берген арнайы куәлігімен немесе зейнетақы төлеу орталығының анықтамасымен куәландырады.
      14. Ай сайын материалдық көмек тағайындау үшін қаржы бағдарламасының әкімшісі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне төмендегідей құжаттар өткізеді:
      1) зейнеткердің материалдық көмек тағайындау туралы өтініші.
      2) жеке басының куәлігінің өзі мен көшірмесі;
      3) салық төлеуші куәлігінің өзі мен көшірмесі;
      4) республикаға, облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлер екендігі туралы арнайы куәліктің өзі мен көшірмесі немесе зейнетақы төлеу орталығының куәландыратын анықтамасы;
      5) ауылдық округ әкімі аппаратының зейнеткердің тұрғылықты жері туралы анықтамасы.
      15. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өткізілген құжаттар негізінде азаматқа материалдық көмек тағайындау жөнінде шешім қабылдайды. Материалдық көмек тиіс емес болған жағдайда өтініш иесіне жазбаша жауап беріледі.
      16. Материалдық көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалып, төлемі әрбір келесі ай сайын жүргізіліп отырады.
      17. Ай сайын материалдық көмекті қаржыландыру аудандық бюджетте осы мақсатқа сәйкесті жылға қаралған қаржы есебінен жүзеге асырылады.
      18. Материалдық көмекке қаржы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасынан төленеді.
      19. Белгіленген материалдық көмектің мөлшері бюджеттік есебінің шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасына, облысқа сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған азаматтарға коммуналдық шығындары үшін ай сайын төленеді.

4. Қаржының жұмсалуын бақылау

      20. Аз қамсыздандырылған азаматтарға біржолғы көмек ретінде, республикаға, облысқа сіңірген еңбектері үшін зейнеткерлікке шыққан азаматтарға арнаулы жәрдемақы тағайындау мен төлеуде жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржының мақсатқа сай қолдануына бақылауды аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясы жүзеге асырады.

      Аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                    Т. Мысаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады