Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі нұсқаулықтарын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 1320 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қыркүйекте N 5-14-91 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы N 2527 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2012.05.21 N 2527 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты
жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабының 5-4) тармағына18-1,  19 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасының, 37 бабының 8 тармағының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін (1 қосымша).
      2. Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және нысаналы топтан
жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің нұсқаулығы бекітілсін (2 қосымша).
      3. «Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі ережелері туралы» 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 670 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 26
сәуір 2008 жылы № 5-14-66 болып тіркелген, 2008 жылы 17 мамырда аудандық «Рауан» газетінің 20 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә. Әлхановқа жүктелсін.
      5. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі                   А. Сеитов

Күршім ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
№ 1320 қаулысына 1 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
нұсқаулығы 1. Жалпы қағидалар

      1. Нұсқаулық халықтың нысаналы топтарынан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруды белгілейді, негізгі жағдайларды реттейді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен есеп жүйесін реттейді.
      2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 718-1 баптарына сәйкес әзірленді.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу және
ұйымдастыру

      3. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды Күршім аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліммен (бұдан әрі «Бөлім») келісім шарт негізінде жұмыс беруші жүзеге асырады. Келісім шартта жақтардың міндеттері, жұмыс түрі, көлемі, еңбек ақы төлемінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетіледі. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілердің өз қаражатымен төленіп, ал оның жартылай еңбек ақысы аудандық бюджет есебінен толықтырылады.
      4. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің хаттай келісімі бойынша мекемелердің (ұйымдардың) тізбесін және оған нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін ашылатын әлеуметтік жұмыс орындарының санын белгілейді.
      5. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі нысаналы топтан шыққан жұмыссыздарға таңдау жүргізеді.
      6. Жұмыс беруші жұмыссыздарды «Әлеуметтік жұмыс орындарына» «Бөлімнің» жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырады және оны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мекен жайына жібереді.
      7. Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына алғанда жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыспен қамту орталығымен аталған мерзімге еңбек шартын жасайды.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың
көздері мен жағдайы

      8. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздардың еңбек төлемі ай сайын жеке еңбек келісім шартына сәйкес жұмыс берушінің өз қаражатынан жүзеге асады және еңбек ақы төлемі орындайтын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты.
      9. Жұмыс берушілердің төлейтін еңбек ақысы әлеуметтік жұмысқа орналасқан жұмыссызға жартылай аудан бюджеті қаражатынан 0,5-тен 1,0-ге дейін ең төмен еңбек ақы мөлшерінен мерзімі 6 айдан аспайтын жұмыс берушінің «Бөлімге» берген істеген жұмыс күндері жөніндегі анықтамаға сәйкес төленеді.
      Жұмыссыздардың еңбек төлемі бойынша дотацияны жұмыспен қамту жөнінде уәкілетті органдар жұмыспен қамту бағдарламасы есебінен жұмыс берушілердің есеп шотына жібереді.
      10. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың аудан бюджетінен төленетін еңбек төлеміне заңнамаға сәйкес салық салынады.
      11. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топқа жататын жұмыссыздардың еңбек ақысы нақтылы орындалған жұмысына, оның көлеміне қарай төленеді.
      12. Мекеменің есеп шотына аудан бюджетінен түскен жұмыссыздардың еңбек ақысын мақсатты пайдалануға жұмыс беруші жауапкершілікті.

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және
қаржыландыруына бақылау жасау

      13. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын сақтауға бақылауды ағымдағы заңнама талаптарына сәйкес «Бөлім» жүзеге асырады.

Күршім ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
№ 1320 қаулысына 2 қосымша

Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және нысаналы топтан
жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру
және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің
нұсқаулығы

      Нұсқаулық «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» № 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелеріне және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.

1. Жалпы қағидалар

      1. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (бұдан әрі «Бөлім») кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға келесі адамдарды жібереді:
      1) жұмыссыздардың керекті кәсіби мамандығы болмағанына байланысты оларға икемді жұмыс таңдап беруге мүмкіншілік болмаған жағдайда;
      2) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылған және жеті жасқа дейіңгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар өтініш білдірген жағдайда;
      3) толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмысшылар;
      2. Облыс бойынша оқу орны орналасқан жерде тұрмайтын жұмыссыздың өтініші бойынша оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу жүзеге асырылады.
      3. Облыс шегінде тұру, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шығындарының өтеуін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі жүргізеді.
      4. Медициналық куәландыру шығындардың өтелуі кәсіби даярлықты белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіліп нәтижесіне қарамастан төленеді.
      5. Өтініш берушілер медициналық куәландыруды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша өтеді.
      6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған күнннен бастап, бірақ оқу аяқталған күннен бір ай кешіктірмей жүргізіледі.
      7. «Бөлім» ресми тіркелген және кәсіби даярлыққа, біліктілігін арттыру мен қайта даярлыққа жіберілген жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие.

2. Шығындардың өтеуін алуға өтініш беру

      8. Өтініш беруші аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесіне жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.

3. Қажетті құжаттардың тізімі

      9. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
      1) тұратын жеріндегі банкте жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
      2) теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттарымен немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымалды түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;
      3) медициналық куәландыруды өткені жөніндегі төлем құжаты болып табылады.

4. Шығындарды өтеудің мөлшері

      10. Шығындардың толық өтелуі:
      1) медициналық куәландыру - құжаттармен расталған зерттеудің құны үшін;
      2) өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайта қайту жолына - құжаттармен расталған жол жүру құны үшін беріледі.
      11. Тұру шығындарының жартылай өтелуі мынадай мөлшерде жүргізіледі:
      1) өзге жерден келген өтініш берушілер Өскемен, Семей қалаларында оқып жатақханаларда тұрған уақытта - ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында алты айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;
      2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа тұрғын жерлерде оқып жатақханаларда тұрған уақытта - ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында алты айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда - айлық алты айлық есептік көрсеткіште.
      12. Өскемен, Семей қалаларында және өзге елді мекендерде оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.

5. Шығындарды өтеу төлемдері

      13. Шығындарды өтеудің төлемі Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қаралған аудандық бюджет қаражаттарының есебінде жүргізіледі.
      14. Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргізіледі.
      15. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
      16. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бір ай ағымында жүргізіледі.
      17. Өтініш берушіге өтелу шығындардың толық немесе жартылай төлемі ақшалай түрде жеке шотқа түсіру жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады