Қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Карағандыкөл, Тассай, Үлкенбөкен селолық округтеріне, қой-ешкі және ірі қара малдарының бруцеллез ауруының шығуына байланысты Көкжайық селолық округіне шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі N 325 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 03 қарашада N 5-15-61 тіркелді. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 791 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2010.11.29 N 791 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қой-ешкі малдарының бруцеллез ауруынан Көкпекті ауданының Карағандыкөл, Тассай, Үлкенбөкен селолық округтері, қой-ешкі және ірі қара малдарының бруцеллез ауруы бойынша Көкжайық селолық округі қолайсыз елді-мекен ретінде саналып, шектеу қойылсын.
      2. Қой-ешкі малдарының бруцеллез ауруынан Карағандыкөл, Тассай, Үлкенбөкен селолық округтерін, қой-ешкі және ірі қара малдарының бруцеллез ауруынан Көкжайық селолық округін тазарту мақсатында 2009 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша).
      3. Бруцеллез ауруын түпкілікті жою мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министірлігі Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясы бастығына (С.Н. Мұқашев) (келісімі бойынша), Шығыс Қазақстан облысы ҚР ДСМСЭҚКД Көкпекті ауданы бойынша басқармасының бастығы (М.Қ. Садуақасова) (келісімі бойынша), аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығына (Қ.Н. Орсаев) шектеулік іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Т.М. Закирьянов) (келісім бойынша) ауыл шаруашылық малдарын Карағандыкөл, Тассай, Үлкенбөкен, Көкжайық селолық округтерінің аумағына кіргізу мен шығарылуын қадағалауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Карағандыкөл селолық округі әкімінің міндетін атқарушысына (Қ.Н. Қадырбекова), Тассай селолық округінің әкіміне (М. Әңкебаев), Үлкенбөкен селолық округінің әкіміне (Р.Қ. Баймолдина), Көкжайық селолық округінің әкіміне (М.Қ. Қалиқанов), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министірлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының бастығына (С.Н. Мұқашев) (келісім бойынша) атқарылған шаралардың орындалуы туралы ақпаратты апта сайын беріп отыру міндеттелсін.
      6. Осы қаулы бірінші рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      7. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Рәмзи Сабырұлы Беспаевқа жүктелсін.

      Көкпекті ауданының әкімі                   Д. Мусин

Көкпекті ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 325 қаулысына
Қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының қолайсыз пунктерінде
ұсақ мүйізді және мүйізді ірі қара малдарын бурцеллез ауруынан
сауықтыру шараларының кешенді жоспары

Іс-шаралардың атауы Орындау
мерзімі
Орындаушы

1. Ұйымдастыру шаруашылық
шаралары



1

Эпизоотиялық жағдайдЫ зерттеу,
селолық округтер бойынша қан
алу кестесін жасап, бекіту

Қыркүйек

Селолық округтің
әкімі, мемлекеттік
ветинспекторы

2

Санақ жүргізіп, барлық ауыл
шаруашылық малдарының басын
анықтап, бірдейлендіру
ережесіне сәйкес жануарларды
сырғалау

Үнемі

Селолық округтің
әкімі, селолық
округтің мемлекеттік
ветинспекторы,
мал-дәрігері,
лицензиат, мал
иелері

3

Ауыл шаруашылық малдарының
бақылаусыз қозғалысына жол
бермеу

Сауықтыру
кезеңінде

Селолық округтің
әкімі, мемлекеттік
ветинспекторы,
жануарлардың
иелері

4

Аурудан қолайсыз ауылдық
округтерінде жұмысшылар мен
ауыл шаруашылық малдарының
иелері арасында санитарлық
ережелер, жеке бас гигиенасын
сақтау, бруцеллезге қарсы
шаралар жөнінде түсіндіру
жұмыстарын жүргізу

Үнемі

Ауылдық округтің
әкімі, мемлекеттік
ветинспекторы,
аудандық СЭҚ
бөлімінің (келісім
бойынша)

5

Ауру мал шыққан үйдің адамдарын
бруцеллез ауруына тексеру
жұмыстарын жүргізуді
ұйымдастыру

Сауықтыру
кезеңінде

Ауылдық округтің
әкімі, Көкпекті
аудандық медицина
бірлестігі

6

Аулаларда жануарлармен жұмыс
істегенде санитарлық ережелерді
сақтау, жұмысшыларды арнайы
киімдермен (халат, резеңке
қолғаптар) және т.б. қорғаныс
заттармен қамтамасыз ету

Сауықтыру
кезеңінде

Мал шаруашылығының
иелері

7

28.04.2003 жылғы № 407
қаулысына сәйкес ауруға шыққан
малдарды тасымалдауды және
арнайы жерлерде көзін жоюды
ұйымдастыру

Малдар әр оң таңба берген
жағдайда

Ауылдық округтің
әкімі, мемлекеттік
ветинспекторы


ІІ. Ветеринарлық-санитарлық
іс-шаралар



1

Зертхана сараптамасы нәтижесіне
сәйкес қолайсыз аулаларда ауру
малдарды анықтап көзін жою

Сауықтыру
кезеңінде

Ауданның бас
мемлекеттік
ветиспекторы,
ауылдық округтің
мемлекеттік
ветинспекторы

2

Шектеу шарты бойынша Аудан
әкімінің қаулысы бойынша тиым
салынады:
- жануарларды аурудан қолайсыз
аумақ арқылы өткізуге;
- дені сау малдарды аурудан
қолайсыз аумаққа кіргізуге;
- арудан қолайсыз аумақтан
шығаруға;
- бруцеллез ауруымен ауырған
малдарды 5 тәуліктен жоғары
ұстауға;
- ауылдық округтің мемлекеттік
ветинспекторы рұқсатынсыз ауру
малдарды бір жерден, екінші
жерге ауыстыруға;
- ауру шыққан аймақтан мал
азықтарын дайындап, шетке
шығаруға

Сауықтыру
кезеңінде

Ауданның бас
мемлекеттік
ветинспекторы,
ауылдық округтің
әкімі, мемлекеттік
ветинспекторы, мал
иелері

3

Ауылдық округтің ветинспекторы
нұсқамасы бойынша ауру
малдардың көзі жойылғанша жеке
ұстау

Сауықтыру
кезеңінде

Ауданның бас
мемлекеттік
ветинспекторы,
ауылдық округтің
мемлекеттік
ветинспекторы, мал
иесі

4

Аулаларды және мал тұратын
орындарды механикалық тазалап,
төсеніштерді және ауру
малдардың азық қалдықтарын
өртеу. Көңдерді биотермиялық
әдіспен залалсыздандыру

Сауықтыру
кезеңінде

Ауылдық округтің
әкімі, ветинспекторы, мал иелері

5

Ауру мал шыққан жерде мал
тұратын орындарға және жеке
меншіктегі ауруларға
механикалық тазалаудан кейін,
дезинфекция жұмыстарын жасау

Малдар оң
таңба  берген
әрбір
жағдайда

Ауылдық округтің
мемлекеттік
ветинспекторы, мал
иелері

6

Мал тасымалдаған көліктерді
және малдың көзі жойылған жерге
дезинфекция жұмыстарын жасау

Үнемі

Ауылдық округтің
мемлекеттік
ветинспекторы


ІІІ. Арнайы іс-шаралар



1

Жануарлардың түгендеу нөмірлері
тізімдемесіне сәйкес 15-20 күн
аралығында қайталап екі рет
теріс нәтиже алғанша бруцеллез
ауруына серологиялық
әдістерімен диагностикалық
зерттеулер жүргізу

Бекітілген
кестеге
сәйкес
сауықтыру
кезеніңде

Ауылдық округтің
ветинспекторы,
мал-дәрігері
лицензиат

2

Зертханалық сараптау
нәтижесінен кейін 5 тәулік
ішінде ауру малдарды жеке
ұстау

Сауықтыру
кезеңінде

Ауданның бас
мемлекеттік
ветинспекторы,
ауылдық округтің
ветинспекторы

3

Оң таңба берген малдардың 5
тәулік ішінде көзін жою

Сауықтыру
кезеңінде

Ауданның бас
мемлекеттік
ветинспекторы,
ауылдық округтің
ветинспекторы

4

Аурудан қолайсыз барлық
аулаларға қорытынды дезинфекция
сапасын зерханалық анықтау

Қазан айы

Ауылдық округтің
ветинспекторы

5

Бруцеллез ауру шыққан қолайсыз
пунктерге сауықтыру жұмыстарын
жүргізуді қамтамасыз ету

Қараша айына
дейін

Ауданның бас
мемлекеттік
ветинспекторы,
ауылдық округтің
мемлекеттік
ветинспекторы

      Көкпекті аудандық аумақтық
      инспекция бастығы                       С.Н. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады