"Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы № 12-3 шешімге өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 шілдедегі N 14-8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 тамызда N 5-16-79 тіркелді. Күші жойылды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 9-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 21.12.2012 N 9-9 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуация мен орфографиясы  сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабының негізінде Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы» 2009 жылғы 13 ақпандағы № 12-3 шешіміне мынандай өзгерістер енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген Нұсқаулықтың 2,3 бөлімінің тақырыбындағы және 3 бөлімнің 1 тармағындағы тәртібі деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн тізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                        Қ. Сафаров

      Тарбағатай аудандық
      мәслихатының хатшысы                    М. Мағжаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады