Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 21.12.2012 N 9-9 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуация мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабының және Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 55, 56 баптарының негізінде Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ
ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету нұсқаулығы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. Ақылжанов
Тарбағатай аудандық
мәслихатының хатшысы М. Мағжаев
Тарбағатай аудандық мәслихатының
2009 жылғы 13 ақпандағы
№ 12-3 шешімімен бекітілді
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік
көмек көрсету нұсқаулығы
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2009.10.23. № 16-10 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
Осы нұсқаулық Тарбағатай ауданының аумағындағы азаматтардың санаттарына материалдық көмек көрсетудің тағайындалуын белгілейді.
1. Жалпы бөлім
1. Аудан көлеміндегі әрбір ауыл округінде тұратын Республикаға, облыс алдында айрықша еңбегі сіңген дербес зейнеткерлерге ай сайын материалдық көмек көрсетіледі, оған берген өтінішке сәйкес бюджеттен қаржы бөлінеді.
2. Материалдық көмек тағайындау
Ескерту. Бөлімнің тақырыбына өзгерту енгізілді - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2009.07.21. № 14-8 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
1. Республикалық, облыстық маңызы бар дербес зейнеткерлерге материалдық көмек көрсету үшін төмендегі құжаттарды ұсынады.
1) Өтініш;
2) Жанұя құрамы туралы анықтама;
3) СТН;
4) Төлқұжаттың көшірмесі;
5) Дербес зейнеткер екендігін дәлелдейтін кітапшаның көшірмесі (не болмаса анықтама).
2. Жинақталған құжаттарды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.
3. Материалдық көмек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне толық құжаттары өткен күннен бастап есептелінеді.
4. Берілген материалдық көмек балаларға жәрдемақы тағайындаған кезде табыс көзіне есептеледі.
3. Материалдық көмекті төлеу
Ескерту. Бөлімнің тақырыбына өзгерту енгізілді - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2009.07.21. № 14-8 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
1. Материалдық көмекті төлеу жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен өтініш берушілердің жеке шоттарына түседі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2009.07.21. № 14-8 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
2. Материалдық қаржылай көмек көрсету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық «Казпочта» ашық акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жүргізіледі.