Ескерту. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2009.09.18 N 268 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 14-тармақшасы Ұлан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 86 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-95 болып 2009 жылдың 6 қаңтарында тіркелген (2009 жылғы 8 қаңтардағы № 2 «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған) «2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 6 маусымдағы № 550 «Ауданның өте мұқтажды және аз қамтылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі жөнінде Қағидасын бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1299 болып 2003 жылдың 2 шілдесінде тіркелген (2003 жылғы 19 шілдедегі № 30 «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
Қаулының барлық мәтіні бойынша және атауындағы «Қағида» деген сөз «Нұсқаулық» деген сөзбен, «халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» деген атау «Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» деген сөздермен өзгертілсін;
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қағиданың 2 тармағының 4 тармақшасы «жанұяларға» деген сөзден кейін «оқу орнын бітіргеннен кейін ауылдарда жұмыс істеуге ниет білдірген, аз қамтылған отбасылар (азаматтар) санынан жас мамандарға (мұғалімдерге, дәрігерлерге), және Қазақстан Республикасына, облысқа сіңірген еңбектері үшін дербес зейнеткерлікке шыққан азаматтарға коммуналдық шығындары үшін ай сайын материалдық көмек тағайындалып төленсін» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2009 жылдың 6 ақпанындағы № 1113 «Ауданның өте мұқтажды және аз қамтылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі туралы» және Ұлан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 1199 «2003 жылғы 6 маусымдағы № 550 «Ауданның өте мұқтажды және аз қамтылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі жөнінде Қағидасын бекіту туралы»» қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Ұлан аудандық әкімдігінің қаулыларының күші жойылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
Ұлан ауданының әкімі Б. Уйсумбаев