2009 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 1 маусымдағы N 108 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 маусымда N 5-17-104 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Ұлан аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 05/2488 хаты

       Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Ұлан аудандық әкімдігінің 2010.06.30 N 05/2488 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)- тармақшасына және Ұлан аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 13 ақпандағы № 97 «2009 жылға арналған аудан бюджеті туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 86 шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-17-97 болып 2009 жылдың 24 ақпанында тіркелген, 2009 жылғы 7 наурыздағы № 10-11 сандарында «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған) сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға 2009 жылы біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
      2. 2009 жылдың 15 мамырындағы № 75 «2009 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Ұлан аудандық әкімдігінің қаулысының күші жойылсын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.

      Ұлан ауданының әкімі                   Б. Уйсумбаев

Аудан әкімдігінің
01 маусымдағы 2009 жылғы
№ 108 қаулысымен бекітілген

2009 жылы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен
марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2
дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы
аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын
кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға біржолғы
материалдық көмек көрсету жөніндегі
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға 2009 жылы біржолғы материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша (бұдан әрі-көп балалы аналар) халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнаманы қолдануды нақтылайды.
      2. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек Ұлан ауданында тұратын және Ұлан аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының бөлімінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушы азаматтарға беріледі.

2. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық
көмекті тағайындау

      3. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек «Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-Бөлім) жылына бір рет, өтініш иесі келесі құжаттарды ұсынғанда тағайындалады:
      1) біржолғы материалдық көмек көрсету туралы өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжат;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
      4) Ұлан ауданында тіркелімін растайтын құжат;
      5) көп балалы ана мәртебесін растайтын құжат;
      6) мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Ұлан аудандық бөлімінен арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатыны туралы анықтамалар.
      Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар және көшірмелер түрінде ұсынылады, одан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
      4. Көп балалы аналарға берілетін біржолғы материалдық көмектің мөлшері 10000 теңгені құрайды.

3. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек төлеу

      5. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек төлеу 451007000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджет трансферттері есебінен жүргізіледі.
      6. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек өтініш иесі көрсеткен мекенжайға «Қазпочта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жеткізіледі.

      Ұлан аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                           А. Ибраимова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады