2009 жылғы 6 сәуірдегі № 10 "Ұлан ауданының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі N 284 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 қазанда N 5-17-112 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Ұлан ауданы әкімі аппаратының 2010 жылғы 15 ақпандағы N 05/525 хаты

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - (Ұлан ауданы әкімі аппаратының 2010.02.15 N 05/525 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығының 2-тармағына сәйкес 2009 жылғы көктемде және күзде азаматтардың мерзімді әскери қызметке дер кезінде өтуін қамтамасыз ету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі № 10 «Ұлан ауданының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-101 болып, 2009 жылғы 10 сәуірде тіркелген қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      Қаулысының 3 тармағымен құрылған шақыру комиссия құрамына аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктінің аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери міндеттілерді келісім шарт бойынша жинақтау және шақыру бөлімшесі бастығы Искандер Хизатуллаевич Какеновтың орнына Толықбаева Куназим Садыковна аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери міндеттілерді келісім шарт бойынша жинақтау және шақыру бөлімшесі бастығының аға көмекшісі; аға терапевт-дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы Людмила Михайловна Перкинаның орнына Солодовникова Татьяна Яковлевна аға терапевт-дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы болып енгізілсін.
      Қаулысының 5 тармағында «комиссия құрсын» деген сөздері, «комиссия құру ұсынылсын» деген сөздермен өзгертілсін.
      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
 

      Ұлан ауданының әкімі               Б. Уйсумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады