Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығының 2-тармағына сәйкес 2009 жылғы көктемде және күзде азаматтардың мерзімді әскери қызметке дер кезінде өтуін қамтамасыз ету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалтыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылғандар, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы республикалық Ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім арқылы аудан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шығаруды және шығарып салуды дер кезінде ұйымдастырылсын.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Ұлан ауданы әкімдігінің 2009.12.22 N 488 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
3. 2009 жылғы көктемде және күзде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін мына құрамда аудандық комиссия құрылсын:
Бекежан Кайсанович Саниязов | аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы, (келісім бойынша); |
Назигуль Усеровна Сейсембина | аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; |
Ания Канапьяновна Оразаева | аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктінің қызметшісі, комиссия хатшысы, (келісім бойынша). |
Комиссия мүшелері: | |
Куназим Садыковна Толықбаева | аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери міндеттілерді келісім шарт бойынша жинақтау және шақыру бөлімшесі бастығының аға көмекшісі, (келісім бойынша); |
Мейрамхан Алимханович Чистобаев | аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, (келісім бойынша); |
Назигуль Базарбаевна Касенова | аудандық білім бөлімінің әдіскері; |
Татьяна Яковлевна Солодовникова | медициналық комиссияның төрайымы аға терапевт-дәрігер, (келісім бойынша). |
Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Ұлан ауданы әкімдігінің 2009.09.28 N 284 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
4. Аудандық округтер мен кенттер әкімдеріне, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары жасөспірімдердің әскерге шақыруға кешікпей, ұйымдасып келуіне жағдай жасап, оларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастыру ұсынылсын.
5. Ұлан аудандық ауруханасының бас дәрігеріне (Ж. С. Бухатов, келісім бойынша) әскерге шақырылатындар мен әскери оқу орындарына түсетіндерді медициналық тексеруден өткізу үшін, аудандық медициналық комиссия құру ұсынылсын. Аудандық қорғаныс бөлімінің әскерге шақыру пунктін қажетті құралдармен, медициналық құралдармен, дәрі-дәрмектермен және мүліктермен, флюрографиялық, электрокардиологиялық және де басқа қажетті құралдармен жабдықтауды ұйымдастыру ұсынылсын.
Ескерту. 5 тармаққа өзгерту енгізілді - Ұлан ауданы әкімдігінің 2009.09.28 N 284 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
6. Аудандық әскери қызметке шақыру комиссиясы Молодежный кентіндегі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде ұйымдастырылсын.
7. Аудандық ішкі істер бөліміне (А. К. Уалиев, келісім бойынша) әскери шақырудан бас тартқандарды іздестіріп, оларды әскери шақыру пунктіне жеткізуге көмек көрсету, әскерге шақырушыларды медициналық комиссиядан өткізу кезінде және жол жүру уақытында тәртіпті сақтауын қадағалау үшін әрбір ауылдық округтар мен кенттерден участкелік инспекторларды беруді ұйымдастыру ұсынылсын.
8. Аудандық білім беру бөліміне (Г. А. Бояубаева) аудандық корғаныс істері жөніндегі бөлімімен (Б. К. Саниязов, келісім бойынша) бірлесе, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырылғандардың дене шынықтыру дайындығын тексеруді ұйымдастыру ұсынылсын.
9. Аудандық қаржы бөліміне (Н. Б. Тусубжанова) 2009 жылға аудан бюджетімен белгіленген көлемде әскери қызметке шақыруды қаржыландырсын.
10. Ұлан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 602 "Ұлан ауданының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-80 болып, 2008 жылдың 11 сәуірінде тіркелген қаулысы және Ұлан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 22 қаңтарындағы № 896 "Ұлан ауданының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-90 болып, 2008 жылдың 22 қыркүйегінде тіркелген қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
11. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
12. Осы каулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
Ұлан ауданының әкімі | Б. Уйсумбаев |