Аудан аумағындағы Мақаншы, Көктерек ауылдық округтері бойынша ұсақ мүйізді малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы N 306 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 15 маусымда N 5-18-80 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 03 қарашадағы N 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2009.11.03 N 573 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасын басшылыққа алып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 12-мамырдағы № 248 ұсынысының негізінде Мақаншы, Көктерек ауылдық округтерінің ұсақ мүйізді малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты, Үржар ауданының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мақаншы, Көктерек ауылдық округтерінде ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез індетіне қарсы шектеу қойылсын.
      2. Мақаншы, Көктерек ауылдық округтерінде шектеу шарттары бойынша рұқсат етілмейді:
      1) шектеу қойылған аумақ арқылы аурудан таза жануарларды тасымалдауға, айдап өтуге, енгізуге, сыртқа шығаруға, тек оларды етке союға жіберген жағдайдан басқа;
      2) індет ошағы айқындалған аурудан таза емес аумақтан басқа аумаққа әкетуге, шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сондай-ақ мал және адамдардың жиналуына байланысты шаралар жүргізуге;
      3) бруцеллезбен ауырған жануарларды және олардан алынған төлдерді бес күннен артық ұстауға.
      3. Мақаншы, Көктерек ауылдық округтерінің тұрғындарын медициналық байқаудан өткізу үшін аудандық денсаулық сақтау бірлесігінен (Б.А. Мадрахимов – келісім бойынша) қолғабыс көрсету ұсынылсын.
      4. ҚР ДСМ МСЭҚК ШҚО бойынша Үржар аудандық басқарма бастығынан (Б.Н. Нигматуллин – келісім бойынша) адамдар арасында бруцеллез ауруын дер кезінде анықтап, олардың аурудан емделуін қадағалау ұсынылсын.
      5. Үржар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы (М.З. Мұздыбаев – келісім бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      6. Мақаншы, Көктерек ауылдық округтерінің әкімдері (Е. Сағымбеков, С. Қалиев) сауықтыру іс-шараларының өткізілуін ұйымдастыру міндеттелсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Байсабыровқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар ауданының әкімі                  Б. Жанақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады