Аудан тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесі туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 маусымдағы N 370 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 маусымда N 5-18-81 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Үржар ауданы әкімінің аппаратының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі N 04-13/2260 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Үржар ауданы әкімінің аппаратының 2012.09.14 N 04-13/2260 хаты).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабының 2 тармағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57 баптарына, «Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурызындағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурызындағы № 264 қаулысына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының тізбесіне мынадай санаттар қосымша енгізілсін:
      1) мектептер мен кәсіптік оқу мекемелерінің түлектері;
      2) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтіндер;
      3) еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
      4) жазғы каникул уақытындағы студенттер;
      5) 50 жастан асқан әйелдер;
      6) 55 жастан асқан азаматтар;
      7) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Шоқаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Үржар ауданының әкімі                         Б. Жанақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады