Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Үржар ауданы әкімдігінің 2010.11.22 N 552 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасын басшылыққа алып Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақжар, Жоғарғы-Егінсу, Көкөзек, Көктал ауылдық округтерінде ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез індетіне қарсы шектеу қойылып, қолданыстағы заңға сәйкес шектеу шаралары өткізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылық Министрлігі Агроөнеркәсіптік Кешендегі Мемлекеттік Инспекция Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы (С.К. Садуақасов – келісім бойынша) шектеу іс шараларының ұйымдастырылуына және атқарылу барысына қадағалау жүргізуі ұсынылсын.
3. Ақжар, Жоғарғы-Егінсу, Көкөзек, Көктал ауылдық округтерінің тұрғындарын медициналық байқаудан өткізу үшін аудандық денсаулық сақтау бірлестігінен (Б.А. Мадрахимов – келісім бойынша) қолғабыс көрсету ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Үржар ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы (Б.Н. Нигматуллин – келісім бойынша) адамдар арасында бруцеллез ауруын дер кезінде анықтап, олардың аурудан емделуін қадағалау ұсынылсын.
5. Үржар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы (М.З. Мұздыбаев – келісім бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
6. Ақжар, Жоғарғы-Егінсу, Көкөзек, Көктал ауылдық округтерінің әкімдері (Б. Абылхайырова, Е. Каримов, Қ. Рысқұлов, Б. Нұғыманов) сауықтыру іс-шараларының өткізілуін ұйымдастыру міндеттелсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданы әкімінің м.а. Ж. Байсабыров