Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңынын 6 бабынасәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы
2009 жылғы 18 тамыздағы N 13-9
Облыстық мәслихаттың шешімімен
бекітілген
"Облыстың (қаланың, ауданның)
құрметті азаматы" атағын беру
Ережесі 1. Жалпы ереже
1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы облыстық, (қалалық, аудандық) әкімнің ұсынысымен облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың шешімімен беріледі. Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру – моральдық ынталандырудың, адамның Қазақстан Республикасы, облыс, қала және аудан алдындағы ерекше еңбегін қоғамдық мойындаудың көрінісі болып табылады, сонымен қатар патриоттық сананы тәрбиелеуге, облыс, қала, аудан тарихында тұлғалардың есімдерін қалдыру мақсатына қызмет етеді.
2. "Облыстың (қаланың, ауданның)
құрметті азаматы" атағын
беру жөніндегі талаптар
2. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы жеке өмірбаяны Батыс Қазақстан облысымен, (Орал қаласымен, облыс аудандарымен) байланысты азаматтарға, сондай-ақ оның төмендегідей еңбегі сіңген жеке тұлғаларына:
қысылтаяң жағдайларда (экстремалды) батырлық көрсеткен, ерлік жасағандарға, жоғары мемлекеттік наградаларға ие болғандарға, сонымен бірге бейбіт заман кезінде қамқорлық жасау немесе азаматтық парызын өтеу барысында айрықша көзге түскен адамдарға;
"Халық қаһарманы" айрықша белгісімен және Қазақстан Республикасының жоғары наградаларымен марапатталғандарға, егеменді Қазақстанның тәуелсіздігі мен біртұтастығын сақтауға, облыстың (қаланың, ауданның) саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық және рухани дамуына зор үлес қосқандарға, жергілікті мемлекеттік басқару саласында өзін ерекше қырынан көрсеткен мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлеріне;
экономиканың қаржылық және өнеркәсіптік секторының дамуына ықпал еткен инвестицияларды тартқаны үшін, Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді ұйытқы болған замануи озық технологияларды халық шаруашылығының барлық салаларында енгізгені және инновациялық қызметі үшін;
аймақтағы қоршаған ортаны, облыс, қала мен аудан тұрғындарын сауықтыру мақсатында емдеу-профилактикалық жұмыстарының тиімді де ұтымды түрлерін енгізгені үшін;
ғылым, әдебиет пен өнер және халыққа көрсетілетін қызмет салаларында үлкен жетістіктерге қол жеткізген адамдарға, көп ұлтты Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттайтын халық шығармашылық көрмелерінің республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне;
Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа ұрпақтарының бойында азаматтық, адамгершілік және патриоттық сезімді тәрбиелеуге, сондай-ақ білім сапасын жақсартуға және жетілдіруге ерекше үлес қосқан адамдарға;
әлем арналарында отандық спорт даңқын шығарған, республика мен дүниежүзілік біріншіліктердің, олимпиадалық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне беріледі (құрметті азамат атағы шетел азаматтарына олардың облысқа (қалаға, ауданға) еңбектері үшін алғыс ретінде берілуі мүмкін).
3. Атаққа үміткерлер басқа облыстардың (қалалардың, аудандардың) құрметті азаматтары болмауы шарт.
3. "Облыстың (қаланың, ауданның)
құрметті азаматы" атағын беру шарттары
4. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беруге үміткерлерді тиісті әкім ұсынады.
5. Ұсынылатын үміткерлер туралы ерекше еңбегі мен марапаттары көрсетілген өтініш, мінездеме, қызметтік тізбе, ол туралы ұсыныстар тапсырылуы қажет.
6. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы өзін өзі ұсынған тұлғалардан өтініштер қабылданбайды.
7. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағына үміткерлер туралы өтініштер өкілді органдардың шақырылымы кезеңінде жылына екі реттен артық енгізілмейді.
8. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы өтелмеген немесе алынбаған айыбы бар (сотталған) тұлғаға берілмейді.
9. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы мәселенің қаралуы және шешімнің қабылдануы атаққа ұсынылған тұлғаның қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін.
10. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім тиісті мәслихат сессиясында дауыс беру арқылы қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауысымен қабылданады.
4. Қорытынды ережелер
11. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағына лайық тұлғалардың құқығын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен жүргізіледі.
12. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағына лайық тұлғалар "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" айрықша белгісімен марапатталады.
13. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы куәлікпен расталады.
14. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" куәлігі мен төс белгісі тұлғаға мәслихат сессиясында облыс, (қала, аудан) әкімінің және мәслихат хатшысының қатысуымен салтанатты түрде табыс етіледі.
15. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" есімі облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары кітабына енгізіледі.
16. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағынан айыру облыс (қала, аудан) әкімі ұсынысы бойынша тиісінше жергілікті мәслихаттың шешімімен мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
құpмeтті атақты иеленуші қылмыс жасағаны үшін coттың заңды күшіне енген үкімімен айыпқа тартылса;
құpмeттi атақты иеленушінің тарапынан конституциялық заңға қайшы ic-әpeкеттер мен қоғамға жат қылықтарға жол берілген болса.