Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009.12.10 N 3150 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласы бойынша 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды және жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2009 жылғы 8 қаңтардағы N 26 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-128 тіркелген, 2009 жылы 29 қаңтардағы "Жайық үні" газетінде жарияланған), Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 ақпандағы N 413 "Орал қаласы бойынша 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды және жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-131 тіркелген, "Жайық үні" газетінің N 12 жарияланған қаулылармен енгізілген өзгерістерді ескере отырып), қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 1-қосымшасы "Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері" мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 64, 65, 66, 67, 68 жолдармен толықтырылсын:
"64 "Мүгедек әйелдердің Іс-қағаз 13470
Республикалық жүргізуші, теңге
"БИБІ-АНА" Шабарман
Қоғамы Қоғамдық
Бірлестігі
65 Орал қаласы әкімдігінің Іс-қағаз 13470
"Іс басқармасы" жүргізуші, теңге
мемлекеттік коммуналдық Жұмысшы
қазыналық кәсіпорны
66 "Қазақстан Республикасы Шабарман 13470
Білім және ғылым теңге
министрлігі Балалардың
құқықтарын қорғау
Комитетінің Батыс
Қазақстан облысының
Балалардың құқықтарын
қорғау департаменті"
мемлекеттік мекемесі
67 Қазақстан Республикасы Жұмысшы 13470
Көлік және коммуникация теңге
министрлігі Автомобиль
жолдары комитетінің
"Қазақавтожол" шаруашылық
жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік
кәсіпорны
68 Орал қаласы тұрғын Жұмысшы 13470
үй-коммуналдық теңге
шаруашылығы, жолаушы
көлігі және автомобиль
жолдары бөлімінің "Орал
Су Арнасы" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорны
көрсетілген қаулымен бекітілген 2-қосымшасы "Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері" мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34 жолмен толықтырылсын:
"34 "МГҚК ҚазҚұрылысСервис" Іс-қағаз 9000 4470
акционерлік қоғамы жүргізуші теңге теңге".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Р. Нығметовке жүктелсін.
Қала әкімі