Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 24.10.2014 № 2810 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы әкімдігінің "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2009 жылға арналған Орал қаласы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы" 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 142 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-129 тіркелген, 2009 жылы 26 ақпандағы "Жайық үні" газетінде жарияланған)), Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 756 "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2009 жылға арналған Орал қаласы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-135 тіркелген, 2009 жылы 23 сәуірдегі "Жайық үні" газетінде N 17 жарияланған) қаулылармен енгізілген толықтыруларды ескере отырып, қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшасы "Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі" мынадай мазмұндағы реттік 6, 7, 8 нөмірлермен толықтырылсын:
"6 Жалғыз тұратын тұлғалар;
7 Екі жақты келісім бойынша жұмыстан босатылған тұлғалар;
8 Мамандығы жоқ алғашқы жұмыс іздеуші тұлғалар".
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Р. Нығметовке жүктелсін.
Қала әкімі