Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 24.10.2014 № 2810 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы әкімдігінің "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2009 жылға арналған Орал қаласы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы" 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 142 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-129 тіркелген, 2009 жылы 26 ақпандағы "Жайық үні" газетінде жарияланған) қаулысына толықтырулар енгізу туралы:
көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшасы "Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі" мынадай мазмұндағы реттік нөмірлермен толықтырылсын:
"3 Дәрігерлік комиссияның қортындысы бар тұлғалар;
4 Штаттың қысқаруына байланысты босатылған тұлғалар;
5 Жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған тұлғалар".
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Р. Нығметовке жүктелсін.
Қала әкімі