Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 30 қазандағы N 3-7 "Орал қаласы аумағының құрылыс салу Ережесі" туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 3 тамыздағы N 19-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2009 жылғы 25 тамыздағы N 7-1-148 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 5 шілдедегі № 15-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 05.07.2013 № 15-5 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 67 баптарына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласы аумағының құрылыс салу Ережесі" туралы" 2007 жылғы 30 қазандағы N 3-7 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-76 тіркелген, 2007 жылғы 22 қарашада, 2007 жылғы 29 қарашада, 2007 жылғы 6 желтоқсанда, 2008 жылғы 3 қаңтарда "Жайық үні" газетінде және 2007 жылғы 29 қарашада, 2007 жылғы 6 желтоқсанда, 2007 жылғы 20 желтоқсанда "Пульс города" газетінде жарияланған) Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 13-16 "Мәслихаттың 2007 жылғы 30 қазандағы N 3-7 "Орал қаласы аумағының құрылыс салу Ережесі" туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-121 тіркелген, 2009 жылғы 1 қаңтарда "Жайық үні" газетінде N 1 және 2009 жылғы 8 қаңтарда "Пульс города" газетінде N 2 жарияланған) шешімімен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) шешімнің атауындағы және мәтін бойынша "Ережесі" сөзі "Қағидасы" сөзімен ауыстырылсын;
      2) "Орал қаласы аумағының құрылыс салу Қағидасының" 8 тармағының 11) тармақшасы алынып тасталсын;
      3) 8 бөлімі алынып тасталсын;
      4)37 тармағындағы "БҚО жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталығына" сөздері "уәкілетті орган" сөздерімен ауыстырылсын;
      5) 42 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "42. Рұқсат беретін құжаттар өтініш берушіге жаңа объект салу немесе қолданыстағы объектіні өзгерту жөнінде өзінің ойын іске асыруға құқық беретін құжаттар келесі болып табылады:
      ведомстволық бағыныстағы жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) аумағын өтініш берілген объектінің құрылысына беру туралы Орал қаласы әкімдігінің қаулысы не өтініш берушінің меншік немесе жер пайдалану құқығында болатын учаскені құрылысқа пайдалануға арналған рұқсат;
      қолданыстағы объектіге (объектінің жекелеген бөліктеріне) сұратылған өзгерістер жүргізуге Орал қаласы әкімдігінің рұқсаты;
      6) 43 тармағының 1, 2, 3 тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы және телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), не жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
      2) заңды тұлғалар үшін – ұйымның атауы, оның мемлекеттік тіркеу нөмірі, басшының тегі, аты, әкесінің аты, почтаның мекен-жайы мен телефоны, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) не бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН);
      3) құрылысы ұйғарылып отырған объектінің мақсаты және негізгі параметрлері (есептелген қуаты, жалпы алаңы, қабаттылығы, сыйымдылығы, өткізу қабілеті және тағы сол сияқтылар).";
      7) 46 және 47 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "46. Өтініш берілген объектінің құрылысын салуға жер учаскесін беру туралы өтініштерді қарау, сондай-ақ оны беруден дәлелді бас тарту мерзімдерін Жер кодексі айқындайды.
      Өтініш берушіге меншік немесе жер пайдалану құқығында тиесілі учаскені құрылысқа пайдалануға рұқсат өтініш берілген сәттен бастап шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 10 күнтізбелік күннен және қалған заңды және жеке тұлғалар үшін 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
      47. Тапсырыс берушіге меншік немесе жер пайдалану құқығында тиесілі учаскені құрылыс салуға пайдалануға рұқсат беру туралы оң шешім мүмкін болмаған жағдайларда, жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге (тапсырыс берушіге) оның осы құрылысты жүзеге асыру ниеті күшіне енетін қайшы келетін заңнамалық нормаларды (ережелерді, талаптарды, шектеулерді, сервитуттарды) көрсете отырып, дәлелді бас тартумен жауап қайтаруға міндетті.
      Өтініш берушінің жергілікті атқарушы органға жеткіліксіз, дұрыс емес не заңнамаға немесе мемлекеттік нормативтерге сәйкес келмейтін өтініш құжаттарын ұсынуы рұқсат беру құжаттарын беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.";
      8) 47 тармақ мынадай мазмұндағы 47-1 тармақпен толықтырылсын:
      "47-1. Жаңа объект салуды жүзеге асыруды не қолданыстағы объектіні өзгертуді жүргізуді ұйғарған мүдделі жеке немесе заңды тұлғаның (өтініш берушінің) жазбаша өтініші бойынша Орал қаласының әкімдігі өз өкілеттіктерінің шегінде заңнамалық актілермен белгіленген: өтініш берушіге сұрау салынған (жоспарланып отырған) объектіні салуға жер учаскесін беру (қолда бар қосымша учаскеден бөліп беру) туралы;
      сұрау салынған (жоспарланып отырған) объектіні салуға өтініш берушіге меншік немесе жер пайдалану құқығында тиесілі учаскені пайдалануға рұқсат беру туралы;
      қолда бар (пайдаланылатын) объектілерді өзгертуге рұқсат беру туралы тиісті шешім қабылдайды.";
      9) 48 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "48. Жер учаскесін беру туралы бұрын қабылданған шешім не тапсырыс берушіде бар учаскені құрылыс салуға пайдалануға бұрын берілген рұқсат, егер осы учаскеде рұқсат етілмеген басқа да құрылыс жүргізіліп жатса, қайтарып алынады.";
      10) 52, 53 және 54 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "52. Орал қаласы әкімдігінің жер учаскесін жаңа құрылыс салуға не қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсат беру (бөліп беру) (учаскені пайдалануға рұқсат беру) туралы шешімі тапсырыс берушінің не оның уәкілетті адамының (құрылыс салушының) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға техникалық шарттарды алуы үшін негіз болып табылады.
      53. Өтініштің негізінде инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жеткізушілер тапсырыс берушіге өтініш берілген сәттен бастап бес жұмыс күн ішінде сұратылатын (есептік) параметрлер шегінде техникалық шарттар береді не көрсетілген параметрлерде техникалық шарттар беруден бас тартады.
      Өтініш беруші техникалық шарттар беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағымдануы мүмкін.
      54. Тапсырыс берушінің өтініші бойынша жергілікті сәулет және қала құрылысы органдары:
      1) жаңа құрылыс үшін - жер учаскесін беру (бөліп беру) (қолда бар учаскені пайдалануға рұқсат беру) туралы Орал қаласы әкімдігінің қаулысы;
      2) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін – Орал қаласы әкімдігінің қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсаты;
      3) жобалауға арналған бекітілген тапсырма;
      4) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға техникалық шарттар негізінде тапсырыс берушіге сәулет-жоспарлау тапсырмасын береді.
      Қажет болған жағдайларда өтінішке салынатын болашақ объектінің мақсатына, параметрлеріне немесе орналасқан жеріне байланысты құрамы мен көлемі мемлекеттік нормативтік құжаттармен бекітілген бастапқы материалдар (деректер) қоса беріледі.";
      11) 54 тармақ мынадай мазмұндағы 54-1 тармақпен толықтырылсын:
      "54-1. Жаңа құрылыс объектілерін жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруге арналған өтініштерді қарау мерзімдері бес жұмыс күнінен аспауға, ал шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері бойынша өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      Жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарында бастапқы деректерді беру және үй-жайларды немесе тұрғын үй ғимаратының өзге де бөліктерін өзгерту (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеуге арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру (немесе оларды беруден дәлелді бас тарту) үшін өтініш берушілер ұсынған құжаттарды қарау мерзімдері өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.";
      12) 59 тармақта:
      "Сәулет-жоспарлау тапсырмасында төмендегідей жобалар бойынша сараптама жүргізу үшін талаптар немесе шарттар белгілеуге рұқсат берілмейді:" деген сөздерді "Тапсырыс беруші (меншік иесі) қабылдаған шешім бойынша сараптама мынадай жобалар бойынша жүргізілмеуі мүмкін:" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он төртінші абзац алынып тасталсын;
      13) 62 тармақ мынадай мазмұндағы 62-1 тармақпен толықтырылсын:
      "62-1. Қолданыстағы (пайдаланылып отырған) объектілерге енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында үй-жайларды немесе ғимараттың өзге де бөліктерін өзгерту жөніндегі жұмыстардың процесінде, сондай-ақ өзгертілген объектіні одан әрі пайдаланған кезде басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жобалық шешімдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
      Егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланып отырған қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру басқа меншік иелерінің (тең меншік иелерінің) мүдделерін қозғаса, онда жобаға олардың нотариалдық куәландырылған осы өзгерістерге жазбаша келісімі қоса берілуге тиіс.".
      2. Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 15-13 "Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 30 қазандағы N 3-7 "Орал қаласы аумағының құрылыс салу Ережесі" туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі бұзылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының кезекті
      19-шы сессиясының төрағасы

      Орал қалалық мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады