Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 05.07.2013 № 15-5 шешімімен
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласы аумағының құрылыс салу Ережесі" туралы" 2007 жылғы 30 қазандағы N 3-7 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-76 тіркелген, 2007 жылғы 22 қарашадағы, 2007 жылғы 29 қарашадағы, 2007 жылғы 6 желтоқсандағы, 2008 жылғы 3 қаңтардағы "Жайық үні" газетінде және 2007 жылғы 29 қарашадағы, 2007 жылғы 6 желтоқсандағы, 2007 жылғы 20 желтоқсандағы "Пульс города" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтағы "мемлекеттік тіркеуден өткен күннен күшіне енеді" сөздері "ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының
кезекті 13-ші сессиясының төрағасы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы