2010 жылы Орал қаласында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 190 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 желтоқсанда № 7-1-159 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2011.02.16 № 11 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) Орал қаласында 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке алу қамтамасыз етсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылырдың әскери есепке алу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Орал қаласының тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2010 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер бөлсін.
      4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары Т. Нығметовке жүктелсін.

      Қала әкімі                    С. Оразов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Батыс Қазақстан облыстық
      Денсаулық сақтау басқармасы"
      ММ-нің бастығы
      _____________Ирменов Қ. М.
      07.12.2009 ж.

      "Батыс Қазақстан облысы
      Орал қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы"
      ММ бастығы, майор
      _____________Тукпаев М. Б.
      07.12.2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады