Ақжайық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 мамырдағы N 186 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі N 312 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қазанда N 7-2-78 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі N 252 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2010.09.06 N 252 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына, "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысының 27 тармағына, "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысына сәйкес, аудандық деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігінің 2008 жылдың 20 мамырдағы N 186 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туындау қажеттілігіне байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 20 мамырдығы N 186 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 30.06.2008 жылғы N 7-2-57 тіркелген, "Жайық таңы" газетінде (04.07.2008 жылғы N 27 санынан бастап 26.09.2008 жылғы N 40 санға дейін жарияланған) қаулысына, аудан әкімдігінің кейінгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 411 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11.12.2008 жылы 7-2-66 нөмірімен тіркелген "Жайық таңы" газетінің 2008 жылғы 19 желтоқсандығы 52 санынында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1. 6 қосымшасында:

      "Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына қосымшасы "Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына 1-қосымшасы деп аталсын және "Ақжайық ауданы бойынша кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері аппараттарының байланыс деректері" деп аталған 2-қосымшамен толықтырылсын (1-қосымша);

      4 тармағындағы "телефон: 92-4-47" деген сөздерден кейін "Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің аппараттарында. Аппараттардың толық атауы, қызметті көрсету орыны, электрондық мекен-жайы және веб-сайттары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген." деген сөздермен толықтырылсын;

      9 тармақта "секторында орналасқан" деген сөздерден кейін "Осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген аппараттардың мекен-жайларында орналасқан" деген сөзбен толықтырылсын;

      21 тармақ мынадай мазмұндағы 3 тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің іс әрекетіне шығымдану Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 70, 2 қабат, 3 кабинет, телефон: 91-4-54 мекен жайында орналасқан Ақжайық аудан әкімдігінің аппаратының басшысы түсіндіреді.";

      24 тармақта "бөлімнің" деген сөзден кейін "аппаратының" деген сөзбен толықтырылсын;

      24 тармақ мынадай мазмұндағы 3 тармақшамен толықтырылсын:

      "3) кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің заңды мекен-жайы, телефоны, қабылдау кестесі осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.";

      2. Тиісті мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Хайруллин

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 20 мамырдағы
N 186 қаулысының 1-қосымша
"Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне
жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа
дейін) жастағы балаларды тіркеу"
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
2-қосымша

Ақжайық ауданы бойынша кент, ауыл (село),
ауылдық (селолық) округ әкімдері
аппараттарының байланыс деректері

N р/с

Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері аппараттарының атаулары

Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің заңды мекен-жайы, қабылдау уақыты

Байланыс телефоны

1

"Ақжол ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Лбищенск ауылы, Қонаев көшесі, 21 үй.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін

8 (71136)
91-0-06

2

"Ақсуат ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ақсуат ауылы, Октябрская көшесі, 27 үй.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі, бейсенбі, жұма сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін

8 (71136)
91-8-09

3

"Алғабас ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алғабас ауылы, Оракбаева көшесі, 70 үй.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін

8 (71147)
93-3-87

4

"Алмалы ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Алмалы ауылы, Абылайхан көшесі, 54 үй.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, сәрсенбі, жұма сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін

8 (71147)
521-1-18

5

"Базартөбе ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылы.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі сағат 9.00-ден 11.00-ге дейін

8 (71147)
525-1-71

6

"Базаршолан ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы, Жамбыл көшесі, 21 үй.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін

8 (71147)
521-2-47

7

"Бударин ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Бударино ауылы, Чапаев кошесі 11 үй.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, жұма сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін

8 (71136)
92-4-06

8

"Есенсай ауылы,дқ округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Есенсай ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 24 үй.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, жұма сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін

8 (71147)
522-5-68

9

"Жайық ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жайық ауылы, Жақсыгулов көшесі, 21 үй.
Азаматтарды қабылдау кестесі:
сейсенбі, жұма сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін

8 (71136)
91-9-09

10

"Жамбыл ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жамбыл ауылы, Жағалау көшесі, 27 үй.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін, жұма сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін

8 (71136)
91-1-47

11

"Жаңабұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Абатов көшесі, 50 үй.
Азаматтарды қабылдау кестесі:
сейсенбі, сағат 9.00-ден 11.00-ге дейін

8 (71136)
91-0-82

12

"Қабыршақты ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қабыршақты ауылы.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі, жұма сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін

8 (71136)
91-6-54

13

"Қарауылтөбе ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қарауылтөбе ауылы, Т. Масина көшесі, 8 үй.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

8 (71146)
547-1-48

14

"Құрайлысай ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Молдағалиев ауылы, Молдағаиева көшесі, 6 үй.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сәрсенбі, жұма сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін

8 (71146)
523-3-22

15

"Мерген ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы, Құрманғазы көшесі, 12 үй.
Азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 11.00-ге дейін

8 (71136)
91-1-59

16

"Сарытоғай ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Сарытоғай ауылдық округі Жаңама ауылы, Ленин көшесі,14/3 үй.
Азаматтарды қабылдау кестесі: бейсенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

8 (71147)
521-3-45

17

"Тайпақ ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, Ленин көшесі, 41 үй.
Азаматтарды қабылдау кестесі: сенбі сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін

8 (71147)
521-3-34


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады