2009 жылы Бөрлі ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық әкімінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 11 ақпанда N 7-3-73 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 51 шешімімен.

      Ескерту: Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің 2009.12.25 N 51 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабына және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Н. Кенжегалиев) Бөрлі ауданында 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеу өткізу ұсынылсын.

      2. "Бөрлі аудандық аурухана" (А. Алекешева), "Бөрлі аудандық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар (Р. Жалиев) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді медициналық мүліктермен, жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Селолық, ауылдық округ әкімдеріне, меншік нысанына қарамастан ұйым, кәсіпорын, мекемелер басшыларына тіркеу өткізілетін күндері:

      1) қажетті техникалық жарамды көлік бөлу;

      2) аудандық комиссия жұмыс күндері тіркеуге тиісті азаматтарды негізгі жұмыстан және оқудан босату, оларды шақыру пунктіне жеткізілуі үшін көлікпен қамтамасыз ету;

      3) іс сапарда жүрген тіркеуге тиісті азаматтарды тіркеу үшін шақырып алу ұсынылсын.

      4. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Каиргалиев) Бөрлі ауданының шақыру пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2009 жылдың қаңтарынан наурызына дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.

      5. "Батыс Қазақстан облысы ішкі істер Департаментінің Бөрлі ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Наурзалиев) тіркеуден бас тартқан, мерзімінде келмеген азаматтарды анықтап, 2009 жылдың 31 наурызына дейін шақыру пунктіне жеткізуде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне көмек көрсетсін.

      6. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.

      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сидиховқа жүктелсін.

      Аудан әкімі Б. Шакимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады