2009 жылғы 11 маусымдағы № 12-2 "Ақсай қаласының жасыл желектерін күтіп ұстау мен қорғау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 17-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 11 ақпанда № 7-3-89 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 шілдедегі № 5-9 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012.07.18 № 5-9 Шешімімен

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 3-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Ақсай қаласының жасыл желектерін күтіп ұстау мен қорғау қағидасын бекіту туралы" 2009 жылғы 11 маусымдағы № 12-2 (2009 жылғы 22 маусымдағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-3-81 тіркелген, 2009 жылғы 30 маусымдағы "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде № 50-51 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімінде және шешімімен бекітілген Ақсай қаласының жасыл желектерін күтіп ұстау мен қорғау қағидасында:

      "Кағида", "қағидасы", "қағиданың", "қағиданы", "қағидамен" деген сөздерді "ереже", "ережесі", "ереженің", "ережені", "ережемен" деген сөздермен өзгертілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Есмагулов
      Аудандық мәслихат хатшысы И. Измағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады