Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 02.11.2009 № 234 қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағы 9)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 28 қыркүйектегі N 628 ұсынысы негізінде, Мұратсай ауылдық округінің Мұратсай ауылында ірі қара малдардың қауіпті қарасан ауруының таралу эпизоотикалық ошағын оқшалау және жою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұратсай ауылдық округінің Мұратсай ауылында карантиндік режим мен шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Мұратсай ауылдық округінің әкіміне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының бастығына (келісім бойынша) бірлесе отырып шаруашылық-ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринарлық дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын қадағалап отыру аудан әкімінің орынбасары Е. Қ. Таңатовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Карин |