Сайқын ауылдық округінің Мәмбет ауылында карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 208 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 11 қарашада № 7-4-96 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 қарашадағы № 252 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 25.11.2009 № 252 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағы 9)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 26 қазандағы N 698 ұсынысы негізінде, Сайқын ауылдық округінің Мәмбет ауылында ірі қара малдардың қауіпті қарасан ауруының таралу эпизоотиялық ошағын оқшалау және жою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сайқын ауылдық округінің Мәмбет ауылында карантиндік режим мен шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.

      2. Сайқын ауылдық округінің әкіміне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының бастығына (келісім бойынша) бірлесе отырып шаруашылық-ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринарлық дәрігерлік шараларын уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын қадағалап отыру аудан әкімінің орынбасары Е. Қ. Танатовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап колданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Карин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады