2010 жылы Бокей ордасы ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 23 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қаңтарда N 7-4-100 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2010.04.05 N 7 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Бөкей ордасы ауданында 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеу өткізу ұсынылсын.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бөкей ордасы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Ауылдық округі әкімдері азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуден өткізу үшін автокөліктермен қамтамасыз етсін.
      4. "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Бөкей ордасы ауданының шақыру пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2010 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
      5. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
      7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                          Р. Карин

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Батыс Қазақстан облысы
      Бөкей ордасы ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы, майор
      Алтаяқов Бауыржан Джиенбаевич
      __________________қолы
      25.12.2009 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Бөкей ордасы
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      Ғаббас Әділгерей Уалиевич
      __________________қолы
      25.12.2009 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады