Көпжасар ауылдық округінің Ащықызыл елді мекеніне шектеу қою туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі N 196 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 11 қыркүйекте N 7-5-92 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қарашадағы N 273 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 05.11.2009 N 273 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі N 473 ұсынбасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көпжасар ауылдық округінің Ащықызыл елді мекенінде, мүйізді ірі қарадан құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу қойылсын.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жаңақала аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы Ж. А. Семеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 3 қыркүйегінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Т. Т. Мерғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады