Жаңақазан ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 2 қазандағы N 8 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 10 қарашада N 7-5-97 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып Жаңақазан ауылының тұрғындарының 2005 жылдың 23 желтоқсандағы N 3, 2006 жылдың 6 қаңтардағы Жаңақылы аудандық ономастикалық комиссиясының отырысының N 1 хаттамаларын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жаңақазан ауылындағы Новостройка көшесі - Нәсіпқали Бекесов, Степная көшесі – Бисекеш Дәулетов, Октябрьская көшесі – Бақтығали Уәлиев, Почтовая көшесі – Рақым Құдайбергенов, Коммунальная көшесі - Есенғали Лепесов, Озерная көшесі – Тілекқабыл Суханқұлов болып атаулары өзгертілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өзіме қалдырамын.

      Жаңақазан ауылдық округінің әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады