Жәнібек ауылдық округінің Жәнібек ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 75 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 20 наурызда N 7-6-86 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы",   "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Жәнібек ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 2 наурыздағы N 104 ұсынысы негізінде жануарлардың жұқпалы ауруларын жою және олардың таралуының алдын-алу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Иесіз иттің құтырық ауруымен ауруына байланысты Жәнібек ауылдық округінің Жәнібек ауылы аумағына шектеу іс-шаралары енгізілсін.
      2. Жәнібек ауылында тіркелген құтырық ауруының ошағын жою жөнінде шектеу іс-шаралары 1 қосымшаға сай бекітілсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі

2009 жылғы 3 наурыздағы
N 75 қаулысына 1 қосымша

Жәнібек ауылында құтырма ауруының
ошағын жою жөнінде шектеу іс-шаралары

р/с

Іс-шаралардың атауы

Орындалу мерзімі

Жауапты адам

1. Ұйымдастыру-шаруашылық шаралар

1

Иттер мен мысықтар көрмелерін, иттерді шығару мен тасымалдауды жүргізуді тоқтату

Шұғыл түрде шектеу мерзімі аяқталғанша

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы. Ауылдық округі әкімі. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі. ҚР АШМ АӨК МИК Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясының бастығы. Жәнібек а/о мемлекеттік ветинспекторы.

2

Үй жануарларын сатуға, иттер мен мысықтарды қолайсыз жерден тыс шығаруға және шектеу белгіленген аумақ пен қауіп  төніп тұрған аймақта жабайы аңдарды аулауға тыйым салу.

Шектеу кезеңінде

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы. Ауылдық округі әкімі. Ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы. Жәнібек а/о мемлекеттік ветинспекторы.

3

Халық арасында құтырма ауруының қаупі және оның алдын-алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Шектеу кезеңінде

Ауылдық округі әкімі. Аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы. Ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы. Жәнібек а/о мемлекеттік ветинспекторы.

4

Иесіз иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарын ұйымдастыру.

Үнемі

Ауылдық округі әкімі

2. Ветеринариялық-санитариялық шаралар

1

Құтырмаға қарсы егуді қажет ететін адамдарды анықтау үшін қолайсыз елді мекеннің аулаларын тексеру, иттерді, мысықтар мен басқа да жануарларды ұстау жағдайын тексеру.

Шектеу кезеңінде

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы. Ауылдық округі әкімі. Аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы. Ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы. Жәнібек ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы.

2

Елді-мекеннің жануарларын және ит-мысықтарын нұсқауға сәйкес антирабиялық вакцинамен егу. Еккеннен кейін жануарды 60 күн оқшаулау.

Шектеу кезеңінде

Ауылдық округі әкімі. Ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы Жәнібек а/о мемлекеттік ветинспекторы.

3

Құтырмаға қарсы егілген дені сау малының сүтін 80-850 С-да 30 минут пастерленген немесе 5 минуттай қайнатылғаннан кейін адамдардың тамағына немесе жануарлардың жеміне пайдалануға беру.

Шектеу кезеңінде

Ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы. Жәнібек а/о мемлекеттік ветинспекторы.

4

Құтырма ауруы бойынша ауру және күдікті жануарлар болған жерлер, түкірікпен және басқа да шығарылымдармен ластанған оларды күту заттары, киім мен басқа да заттарды бұқырлау.

Шектеу кезеңінде

Ауылдық округі әкімі. Ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы. Жәнібек а/о мемлекеттік ветинспекторы.

5

Қолайсыз аумақта жануарлар ауруының соңғы жағдайы күнінен бастап екі ай өткеннен кейін шектеуді алу жөнінде аудан әкіміне ұсыныс беру


Аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы. Ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады