Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және 2009 жылғы 12 маусымдағы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің N 1004 санды ұсынысы негізінде аудан әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төмендегі тізімдегі мекемелер мен кәсіпорындарға үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
1. Аудандық туберкулез ауруханасы;
2. N 9 кәсіптік лицей;
3. Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектеп;
4. Ғ.Қараш атындағы жалпы білім беретін орта мектеп;
5. Аудандық білім беру бөлімі;
6. "Жәнібек" балабақшасы;
7. "Балдәурен" балабақшасы.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. А. Есенғалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі